Жаңа жылға – жаңа стандартпен
Жаңалықтар
10.01.2017, 11:52
Биыл ел темір жолы арқылы жолаушылайтын азаматтар үшін пойыздарда көптеген жағымды жаңалықтар болғалы тұр. Бұл туралы өткен жылдың соңғы күндері «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Нұрдәулет Қилыбай баяндаған еді. Оның айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қанат Алпысбаевтың тапсырмасымен қоғамда қызмет көрсетудің жаңа стандарттары жасалған.
Жаңа стандартқа жолаушылар тасымалын ұйымдастыру сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар жаңа қосымшалар енгізілген. Бұл стандарт сервистік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ететін 6 негізгі процестен тұрады: жолаушыларды ақпараттандыру, билет сату, вагондардың санитарлық-техникалық жағдайы, пойыздарды жабдықтау, қызмет көрсету персоналы, сервистік қызметтер.
–Клиенттермен қарым-қатынас жасаудың және кері байланыс орнатудың бұрыннан бар сызбасы жеткілікті дәрежеде жетілдірілмеген. Онда қарым-қатынас тәсілдері бытыраңқы, бірыңғай бақылау жоқ, азаматтардың хабарласуын есепке алу жүргізілмейді. «Транстелеком» АҚ-мен бірге 105 Қызметі модельдерін өзгерту мәселесі қаралып жатыр. Қалалық және ұялы байланыс арқылы азаматтардың өтініш-шағымдарын қабылдау қызметін, сонымен бірге қабылданған азаматтар хабарламаларын қоғамға жолдауды ақысыз түрде жасау ұсынылды, – деді Н. Игілікұлы.
Қоғам тарапынан жекелеген қызметкерлер есебінен, мысалы бухгалтерия қызметкерлерінен билеттер мен ақшалай қайтару бойынша, ИТ қызметінен сату каналдарының қабілеттілігі бойынша, жедел қызмет жөніндегі эксплуатациялық блоктан вагондардың санитарлық-техникалық жағдайы мен пойыздардың кешіктірілуі мәселелері бойынша, сервистік блоктан сервистік персонал, вагондарды жабдықтау және сервистік қызмет бойынша Сапа қызметін құру ұсынылып отыр.
Клиенттер үшін 105 қызметіне қоңырау шалу, WhatsApp бірыңғай номерге СМС жіберу (бұл тәжірибеде бар), KTJPortal мобильді қосымшасы арқылы сұрақ/жауап ұйымдастыру сынды нақты жүгіну каналдары ұйымдастырылатын болады. Азаматтардың хабарласу каналдары туралы ақпарат барлық вагондарда болады. Соған қоса Сапа қызметі KTJPortal ұялы байланыс қосымшасы арқылы RealTime режимінде клиенттер үшін 30 минуттан көп уақытқа кешіктірілетін пойыздар туралы барлық ақпаратты салып отырмақ. Бұл қызмет еуропалық елдерде тәжірибеден өтуде.
Жаңа стандартта вагондардың санитарлық-техникалық жағдайына қатысты төмендегідей қосымша талаптар қарастырылған: жуу-тазалау жұмысының жиілігін арттыру( тәулігіне әрбір 4-7 сағат сайын 2 реттен көп жуып-тазалау) және вагондарды залалсыздандыруды күшейту (ай сайын әр кез жолға шығар алдында бірнеше рет залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу).
Сонымен қатар сапаны бақылауда көшбасшы болып саналатын BureauVeritas компаниясымен ықтимал ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу бойынша келіссөздер жүргізілді. Желтоқсан айында жаңа стандарт негізінде бірыңғай клинингтік компаниядан вагондарды жуу-тазалау және залалсыздандыру бойынша қызметтерді сатып алуға техникалық міндеттерді анықтау жоспарланды.
Жаңа стандартта пойыздарды жабдықтау жөнінен пойыздар санаты мен вагондар класына қарай төсек-орын жабдықтарын саралау қарастырылған. Мәселен, «Тұлпар-Тальго» пойыздарының «Гранд» и «Бизнес» класына жататын вагондарына және стандартты пойыздардың «СВ» класына жататын вагондарына құрамында мақтасы 80 пайыздан кем емес сәтеннен тігілген жабдық ұсынылмақ, ал класы төмен вагондарда мақтасының құрамы 35 пайызды құрайтын бөзден тігілген жабдықтар пайдаланылмақ.
2017 жылдың қаңтарында Астана мен Алматы қалаларында Hohenstein зертханасының көшбасшы сарапшыларымен бірге кір жуатын комбинаттар аудиті жоспарланған. Аудит нәтижесінде «жабдықтау» процесі бойынша жаңа стандарт жасалып, ол бірыңғай стандартқа қосымша болып енгізілмек.
Сервистік персоналды қайта бағыттау мен жеке бас қасиеттері, біліктілігін арттыру мақсатында, сонымен бірге оқыту шараларына шығындар портфелін оңтайландыру үшін жеке Мінсіз сервис мектебін ашу ұсынылды. Оқытудың 7 негізгі бағыты анықталып отыр. «ЭЙР Астана» АҚ мен ынтымақтастық меморандумы аясында «Тұлпар-Тальго» пойызы бастықтарының құзыреттілігін бағалау жүргізілді, Мінсіз сервис мектебі менеджер-жаттықтырушыларын оқытудың жоспары жасалды. Қоғамда бүгінде барлығы 6 672 пойыз бригадасы бар, оның ішінде 256 адам пойыз бастықтары. Қоғам 2017 жылы пойыз бригадаларын саралау және ынталандыру жүйесін енгізу мүмкіндіктерін қарастыруды жоспарлауда.
Пойыздарда тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын жақсарту мақсатында бірыңғай тамақ мәзірі, сервис интерьері және таңбалануы бар бірыңғай оператор тарту концепциясы қабылданды. Стандарт балалар және диеталық тамақ мәзірімен, қызметкерлердің ағылшын тілін Elementary деңгейінен төмен білмеуі талаптарымен толықтырылды. Ұшақтардағы борттық тамақтану тәртібі негізінде тағам қауіпсіздігімен қамтамасыз ету мақсатында ендігі жерде тамақтар пойызда дайындалмайтын болады. Оған қоса стандартта билеттерді интернет-портал арқылы сатып алушылар үшін тамақ мәзіріне алдын ала тапсырыс беру мүмкіндігін ашу қарастырылуда.
Райхан РАХМЕТОВА
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?