Марапаттарды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев Нұр-Сұлтандағы машина жасаушылардың IX форумында табыс етті, деп хабарлайды Rail-news.kz «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Машина жасау саласының дамуына қосқан үлестері үшін «Құрметті машина жасаушы» белгісімен «ҚТЖ» ҰК» АҚ қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі директоры Марат Шәкенов, «Тальго» Вагон жасау компаниясы» ЖШС-ның өндіріс жөніндегі директоры Сейітжан Ілиясов, «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС диагностика және сынақ цехының шебері Ғабит Бейсенов, құрастыру цехының бастығы Данияр Рысмағамбетов және «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ техникалық бақылау бөлімінің басшысы Дәулет Рахымжанов, «Проммашкомплект» ЖШС цех бастығы Юрий Кобеляцкий атап өтілді.