Кәсіподақ ұйымы Н. Есенғаринге 80 жасқа толуына орай құттықтау жодады

Жаңалықтар
28.09.2021, 10:18
Құрметті Нығметжан Қабатайұлы! Қазақстандық салалық теміржолшылар кәсіби одағы атынан Сізді 80 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің қалыптасуы мен дамуына баға жетпес зор үлес қосқан Сіздің мерейтойыңыз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Өскелең ұрпаққа Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі бола білген Сіздің жетекшілігіңізбен еліміздің теміржол саласы және Қазақстанның жалпы көлік саласы қарқынды дамып, үлкен жетістіктерге жетті. Салалық Кәсіподақтың қалыптасуына да үлкен үлес қостыңыз. Көлік министрі ретінде 1992 жылы Қазақстан теміржолшылары кәсіподағының алғашқы құрылтай съезіне қатыстыңыз, ал 1993 жылы сіздің көмегіңізбен Қазақстан Республикасының Үкіметі мен үш темір жол және біздің Кәсіподақ арасында алғашқы Салалық тарифтік келісімге қол қойылды, соның арқасында бұрын қолданыста болған теміржолшылардың әлеуметтік кепілдіктері сақталынып қалды. Бірінші Салалық келісімге қолдың қойылуы – Теміржол басшылығы мен Кәсіподақ арасында әлеуметтік серіктестіктің қалыптасуына негіз болды. Сіздің ғасырдан астам тарихы бар шойын жолдың шежіресін, тәуелсіз ел темір жолдарының құрылысын, алып салада қиындығы мен қызығы қатар жүретін қызметтің тізгінін ұстап, тер төгіп жүрген болат жол еңбеккерлерінің ерен еңбектерін қыл қаламыңызға арқау етіп, өскелең ұрпаққа мирас етіп қалдырып жатқан шығармашылық еңбектеріңіз бір төбе. Құрметті Нығметжан Қабатайұлы, бұл тамаша күні Сізге және туған-туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, мол бақыт және отбасы амандығын тілейміз!

Құрметпен, Оразғали АХМЕТБАЕВ,

Кәсіподақ төрағасы

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті