Байырғы теміржолшының пайымынша Нығметжан Есенғарин жол-көлік саласының дарабозы
Жаңалықтар
28.09.2021, 10:21
Нығметжан Есенғарин – даналығымен дараланып тұратын бітім-болмысы бөлек, бірегей тұлға. Кереметтей еңбекқорлық оның бойына сол табиғи болмысымен бітсе керек.
Жылы шырайлы жүзі, ойлы жанары оның азаматтық келбетін асқақтай түседі. Есенғариннің Қазақстанның экономикасына, соның ішінде көлік саласына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Ол – тәуелсіз Қазақстанның тұғырының берік болуына, өсіп-өркендеуіне ерік-жігерін, күш-қуатын аяусыз жұмсаған жан. Әсіресе, теміржол көлігінің дамуы- на көп еңбек етіп, оның ғасырдан астам тарихын, теміржолмен тағдырын байланыстырып, бүкіл өмірін арнаған сан мыңдаған азаматтардың зор еңбектерін өскелең ұрпаққа шежіре ретінде жазып, мұра етіп қалдыруы – оның өз кәсібін құлай сүйгенінің, кәсібіне деген адалдығының белгісі және болашақ ұрпақ қамы.
Мен Нығметжан Қабатайұлымен Целиноград белгі беру және байланыс дистанциясында бас инженер болып жұмыс істеп жүрген кезімде таныстым. Арасында Мәскеуде оқыған, қызмет атқарған жылдарды есептемегенде содан бері екеуіміз теміржол саласында жарты ғасырдан астам уақыт бірге қоян-қолтық жұмыс істеп келеді екенбіз. Өткен ғасырдың 70-жылдарына дейін Қазақстанда автоматика, телемеханика және байланыс шаруашылығын басқарған екі қазақ қана болды. Ол Есенғарин екеуміз едік. Осы уақыттан бастап біздің достығымыз басталды. Мен үшін бұл достықтың орны бөлек. Менің өмір және еңбек жолымда Есенғариндей жолдасым, досым болғаны үшін тағдырыма ризамын. Мен оны шын мәнінде мақтан тұтамын.
Нығметжан Есенғарин жеке өмірінде де жолы болған азамат, жақсы отбасын құрып, балаларына асқар таудай әке, жұбайына адал жар болды. Бүгінгі 80 жылдық мерейтойында досым, әріптесім, қазақ елінің бағына біткен адал ұлы – Нығметжан Есенғаринге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасының амандығын тілеймін!
Қалтай СӘМБЕТОВ, Құрметті теміржолшы, сала ардагері
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті