Алматыда көлік және логистика көрмесі мен халықаралық конференция өтеді

Жаңалықтар
01.10.2021, 12:51
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл 13-15 қазан аралығында Алматыда «Көлік және логистика» – TransLogistica Kazakhstan 2021 халықаралық көрмесі өтеді. Екі күн ішінде қатысушылар отандық көлік саласының жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды, деп хабарлайды Rail-news.kz. Атап айтқанда, онда контейнерлеу бағдарламасы, көлік саласындағы ақпараттық және цифрлық технологиялар, КТО құрылысын және көлік пен логистикадағы инфрақұрылымдық мәселелер сөз болады деп күтілуде. Көрмеге қатысушылар қатарында Қазақстан мен шет елдердің теңіз порттарының, темір жолдары мен арнайы экономикалық аймақтарының әкімшіліктері, көлік-логистикалық орталықтар; логистикалық компаниялар, автотехника өндірушілері мен дилерлері, вагон жасау және жөндеу зауыттары, логистикалық орталықтарды жабдықтауға арналған жабдықтарды жеткізушілер, қойма жабдықтарын өндірушілер, жүктерді өңдеумен және қоймаға қоюмен айналысатын компаниялар, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер, процестерді автоматтандыру және жүйелік интеграциялау үшін IT-шешімдерді ұсынатын ғылыми және технологиялық компаниялар бар. Теміржол саласы бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы», «Қазтеміртранс», «KTZ Express», және «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» сияқты отандық компаниялар да өз экспозицияларын ұсынады. Көрме аясында «Көлік және логистика нарығы» III Халықаралық конференциясы өтеді. Конференцияның екінші күні транзитті жетілдіруге және теңіз, әуе, автомобиль және теміржолды қоса алғанда, тасымалдау мәселелеріне арналады.

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды