ҚТЖ мен Alstom 2029 жылға дейін 369 электровоз шығаруды жоспарлап отыр

Жаңалықтар
05.10.2021, 10:32
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы мен француздың Alstom компаниясы арасында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған кезекті келісімге қол қойылды. Құжат әріптестікті, әсіресе цифрлы технологияны дамытуға бағытталған. Елімізде 11 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ЭҚЗ зауытымен арадағы тығыз қарым-қатынас Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың жемісті нәтижесін көрсетті. Мұны өзара келісімшартқа қол қойған Alstom компаниясының Батыс және Орталық Азия бойынша атқарушы директоры Гийом Триттер мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов ерекше атап өтті. Alstom компаниясы Қазақстанда 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүкіл ел бойынша 7 өндірістік нысан 10 жылдық үздіксіз жұмыстың нәтижесін көрсетті. Екі бірлескен кәсіпорын – Нұр-Сұлтан қаласындағы электровоздар жасаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын Электровоз құрастыру зауыты және бағыттамалық жетек жасаумен айналысатын Алматыдағы ҚазЭлектроПривод және техникалық қызмет көрсететін үш депо, бір сервистік орталық және әкімшілік кеңсе бар. Alstom – Орталық Азия мен Кавказ аумағындағы электровоздар мен бағыттамалық жетектер жасайтын жалғыз өндіруші, сондай-ақ теміржол өнеркәсібін жаңғырту және осы өңірдегі экономиканы дамыту бағдарламасының негізгі қатысушысы.

– Биыл зауытта жаңадан 150 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі келісімшарт арқылы біз 2019 жылға дейінгі өндірістік қамтамасыз ету деңгейін сақтай отыра, сол деңгейде жұмысты жалғастырамыз деген ойдамыз. Жалпы алғанда бүгінгі ұзақ мерзімді ынтымақтастық келісімі аясында алдағы уақытта 369 электровоз шығаруды жоспарлап отырмыз, оның 260-ы жүк, 119-ы жолаушы пойыздарының локомотивтері. Сонымен қатар электровоздарды экспортқа шығарумен айналысамыз. 40 жүк электровозын Әзербайжанға экспорттау көзделген болса, соның 24-і жөнелтілді. Машина 9 мың тоннаны тарта алады, электровоз кабинасы локомотив бригадасы үшін жайлы етіп жасалған, – деді Гийом Триттер.

Ол сонымен қатар локализация саласындағы серпінді жобалармен таныстырды. Оның айтуынша, осыдан 9 жыл бұрын зауытта локализациялау деңгейі 4 пайызды құраған, қазір оның көрсеткіші 30 пайызға жеткен. Былтырдан бері Электровоз құрастыру зауытында тартымдық трансформатор шығарыла бастапты. Кәсіпорын басшылары локализациялау деңгейін енді 40 пайызға жеткізуді жоспарлауда. Сонымен қатар биыл жазда зауыт толығымен Қазақстанда құрастырылған алғашқы жолаушылар локомотивін жасап шығарды.

– Бүгін 2025 жылға дейін ұзартылған ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту бойынша кезекті келісімге қол қойылды. Бұл –электровоз шығару өндірісіндегі екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастың жарқын үлгісі. Сапасы жоғары өнімге тапсырыс бар. Негізгі тапсырыс беруші – ҚТЖ компаниясы, сыртқы нарықта – Әзербайжан. Бірақ, басқа елдерден де тапсырыс көбейеріне сенім мол. Себебі зауыт шығаратын жүк және жолаушылар локомотивтері 1520 кеңістігіндегі ең үздіктер қатарында. Бүгінгі екіжақты келісім өзара қарым-қатынасымызды тереңдетіп, ынтымақтастықты қазіргі заман талаптарына сай жаңа деңгейге шығармақ, – деп атап өтті Қ. Әлмағамбетов.

Алдағы уақытта зауыт «KZ8A», «KZ4AT» және «KZ4Ac» локомотивтеріне толық техникалық қызмет, тартқыш және тежегіш жүйелеріне жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету және оларды күрделі жөндеуден өткізу функцияларын жүзеге асырмақ. Бүгінде зауытта 850 адам еңбек етсе, соның 95 пайызын қазақстандықтар құрап отыр.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?