Жолаушылар тасымалындағы пойыз бригадаларының біліктілігін арттыру үшін онлайн-дәрістер өтуде

Жаңалықтар
12.10.2021, 10:18
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың 4 қазаны мен 12 қараша аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның екі мыңға жуық қызметкері ZOOM платформасында білім алады. Пойыз бригадалары мүшелерінің білімін арттыру мақсатындағы мұндай оқыту шаралары жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Біз «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты «Экспресс» филиалының Астана телімінде өткізілген онлайн оқу барысын бақыладық. Телімнің өндірістік оқыту және техникалық мәселелер жөніндегі нұсқаушысы Нұрғали Батырханұлының айтуынша, оқыту тренингтерін арнайы мамандар – ішкі жаттықтырушылар өткізеді.

– Жолаушылар тасымалы қызметінде жолсеріктердің күйзеліске төзімділігі, адамдармен тіл табыса білуі сияқты негізгі қасиеттеріне басымдық беріледі. Оқу кезінде осы дағдыларды қалай дамыту керектігі айтылады. Біздің телімнен бүгін 30 шақты адам қатысып отыр. Сол сияқты республикамыздың барлық өңірінен әріптестеріміз білім көкжиегін кеңейтуде. Осы апта бойына өткізілетін тренингте күніне бірнеше тақырыптар қозғалады, – дейді ол.

Пойыз бригадалары құрамындағы пойыз бастығынан бастап, жолсеріктер, өндірістік оқыту нұсқаушыларына дейін бір апта бойына 6 тақырыпта, атап айтқанда, «Заманауи компанияның бизнес этика стандарттары», «Компанияның корпоративтік мәдениетін дамыту», «Коммуникативті құзыреттілік», «Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты», «Жұмысшының жеке бас мәдениеті», «Жұмысшының жеке бренді» деген мәселелер бойынша арнайы оқытылады. Кезекті оқыту аяқталғаннан кейін пойыз бригадалары құрамына сәйкесінше сертификаттар табыс етілмек.

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды