Jibek Joly туристік пойызы кезекті сапарын аяқтады

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Jibek Joly туристік пойызы «Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Шымкент – Алматы» бағытындағы екінші сапарын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бес күнге жалғасқан саяхат барысында 100-ден астам жолаушы Ұлы Жібек жолының бойындағы ежелгі қалаларды аралап, аймақтың бай тарихымен танысты.

Бұл жолғы теміржол саяхатының басты ерекшелігі – туристік пойыздың бағытына Қазақстанның Шымкент және Өзбекстанның Самарқанд қалалары қосылды. Маршрутқа қалалардың негізгі көрнекі орындары енгізілген.

Атап айтқанда, саяхатшылар Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Арыстан баб кесенесі, «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейін аралап, Ташкентте Хазрати Имам тарихи кешені, Барақхан медресесі, Әбу-Бәкір Қаффали Шаши кесенесі мен Төле би мазары сияқты тарихи орындарға барды. Сонымен қатар Ташкенттегі Magic City тақырыптық саябағы да туристер үшін қызықты әрі көңілді демалыс орнына айналды.

Ал Самарқандта жолаушылар Шахи-Зинда кешені, Гур-Эмир кесенесі және атақты Регистан алаңын аралап, Шердор, Тіллә-қари және Ұлықбек медреселерінің ежелгі білім ошақтарымен танысты. Самарқандтың сәулет өнері мен мәдениетінің тарихы саяхатшыларға ерекше әсер қалдырды. Туристік пойыздың соңғы аялдамасы Шымкент қаласында болды. Мұнда туристер қаланың негізгі көрікті жерлері мен тарихи орындарына барды.

Туристердің жайлылығы үшін тур бағдарламасына гид қызметі, тамақтану, көрікті жерлерге кіру билеттері мен трансфер қызметтері кірді.

Халықаралық турды ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ, республикалық «Қазақстан туризм индустриясы» қауымдастығы және Kazakh Tourism ҰК АҚ ұйымдастырды. Жобаның басты мақсаты – екі ел арасындағы туризмді дамыту, тарихи және мәдени мұралармен танысу арқылы халықтар арасындағы достықты нығайту.

 

Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамытуды талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды