Темір жол саласында 1,6 мыңнан астам әйел жолсерік және касса қызметінде еңбек етеді

Теміржол саласы – тәртіп пен жоғары жауапкершілікті талап ететін сала және бұл жүйенің тұрақты жұмыс істеуінде әйелдердің рөлі ерекше. Бүгінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да 3,5 мыңнан астам әйел жұмыс істейді, олардың ішінде 1256 жолсерік пен 401 касса қызметкері бар. Олар жолаушылар тасымалының үздіксіз қызмет етуіне күн сайын өз үлесін қосып, сапарлардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жолсеріктің жұмысы тек билет тексеріп, вагондағы тәртіпті бақылаумен шектелмейді. Олар ай сайын 170-180 сағат жолда өткізіп, жолаушыларға сапалы қызмет көрсету үшін отбасынан жырақта еңбек етеді. Көп жағдайда жолсеріктер жай ғана қызмет көрсетуші емес, жолаушыларға сенімді серікке айналады. Олар қажет болған кезде психолог, бала күтуші, тіпті дәрігер қызметін де атқарады.

Мәселен, соңғы үш жылда пойызда 14 нәресте өмірге келген. Мұндай күтпеген жағдайда жолсеріктер шұғыл әрекет етіп, аналарға қолдау көрсетіп, сәбилердің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Айта кетерлігі, бұл жауапты сәттерде көмек қолын созған жолсеріктердің көбі өздері де көпбалалы аналар еді.

Теміржол саласының ажырамас бөлігі – касса қызметкерлері. Олар билет рәсімдеумен қатар, жолаушыларға бағыттар мен қозғалыс кестесі туралы ақпарат беріп, сапардың жайлы өтуіне ықпал етеді. Бүгінде елімізде тәулік бойы жұмыс істейтін 165 касса бар және олардың үздіксіз қызметі – екі ауысымда еңбек ететін әйелдердің табанды еңбегінің нәтижесі.

Теміржол саласында еңбек ететін әйелдер күн сайын түрлі қиындықтарға тап болғанымен, өз ісіне деген сүйіспеншілігі мен адалдығының арқасында саланың маңызды тірегіне айналған. Олардың тынымсыз еңбегі мен жоғары жауапкершілігі миллиондаған жолаушылардың қауіпсіз әрі жайлы сапарын қамтамасыз етеді.

Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамытуды талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды