26 қазаннан бастап «Алматы – Мәскеу» бағытындағы тікелей теміржол қатынасы ашылады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңа бағыт бойынша вагондар алдымен №7/8 «Алматы – Саратов» пойызының құрамында Саратов станциясына дейін барады. Кейін олар №85/86 «Дербент – Мәскеу» пойызына тіркеліп, Мәскеу қаласына дейін жеткізіледі.

«Алматы – Мәскеу» бағытындағы пойыз күнара қатынайды. Құрамында бір купе және бір плацкарт вагон болады.

Билеттерді онлайн түрде bilet.railways.kz сайтынан рәсімдеуге болады.