Тағы қай бағыттың пойыздары Starlink интернетіне қосылатыны айтылды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар вагондарының паркі 2030 жылға қарай толығымен жаңартылады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол жолаушылар тасымалы саласындағы аса маңызды және өзекті мәселелерге арналған брифингінде айтылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Вагондарды жаңарту  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жылжымалы құрам паркінде қазір орташа жылы 16 жылды құрайтын 2 188 вагон бар. Соңғы 10 жылда Ұлттық тасымалдаушы паркі 50% жаңарды. Мәселен, жылжымалы құрамды жаңғырту шеңберінде Stadler компаниясымен 2030 жылға дейін купе, плацкарт, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған мамандандырылған вагондар мен генератор-вагондарды қоса алғанда 557 вагон шығаруды көздейтін шартқа қол қойылды.  

Stadler вагондары заманауи ауа баптау жүйесімен, бейнебақылаумен, электр жылытумен және автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталады. Жолаушылардың жайлылығы үшін әр купеде электр розеткалары мен ұялы телефондарды қайта зарядтауға арналған USB қосқыштары орнатылады.

Жаңа вагондар климаттық ерекшеліктері мен қалалар арасындағы қашықтықты ескере отырып, Қазақстанда пайдалану жағдайлары ескеріле арнайы әзірленетін болады.  

Келісімшарт талаптарына сәйкес вагондардың бірінші партиясы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға 2025 жылдың соңына дейін беріледі. Сонымен қатар, зауыт жеткізілген вагондарға 20 жылға техникалық қызмет көрсетуді өз мойнына алады, бұл олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және қызмет ету мерзімін ұзартады.

Айта кетейік, Stadler вагондарының бірінші партиясы келесі жылдан бастап 4: №3/4 «Астана – Алматы», №353/354 «Астана – Семей», №85/86 «Астана – Шымкент», №47/48 «Астана – Атырау» бағытта іске қосылады.

Бұдан басқа, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Тверь вагон жасау зауытының технологиясы бойынша әзірленген жолаушылар вагондарын жеткізуге арналған «ЗИКСТО» АҚ-мен ынтымақтастықты жалғастыруда. Жалпы, Ұлттық тасымалдаушыға 2022-2025 жылдардан бастап 255 вагон, электр пойызының (МВПС) 18 вагоны келіп түсті, жыл соңына дейін тағы 63 вагоны жеткізіледі.  

«ЗИКСТО» АҚ-ның барлық вагондары заманауи ыңғайлылықтармен және қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Вагондарда ауа баптау мен ауаны тазарту сүзгілері, түтін датчиктері, биодәретханалар, тамбурларда бейнебақылау жүйесі, ал купеде кәдімгі электр розеткаларынан басқа USB қосқыштары да бар.  

Жаңа электр пойыздары биодәретханалармен, ыңғайлы орындықтармен, әр орын мобильді құрылғыларды зарядтауға арналған USB қосқышымен жабдықталған, мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болу үшін платформалық көтергіштер орнатылған.  

Осылайша, 2030 жылға қарай «Жолаушылар тасымалы» АҚ паркінің орташа жылы 10 жылға дейін төмендету және вагондарды ауа баптау жүйесімен толық қамтамасыз ету жоспарлануда.

Айта кетейік, келесі жылы вагон паркін жаңарту есебінен Тальго вагондарынан құрылған «Алматы – Қостанай» бағыты бойынша жүретін №119/120 жаңа пойызды іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, №105/106 «Алматы – Петропавл» (күнара) және №1/2 Алматы – Ташкент (күн сайын) пойыздарының қозғалыс жиілігі ұлғайтылатын болады.  

Жолаушылар тасымалын цифрландыру  

Цифрландыруды дамыту шеңберінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ Eutelsat OneWeb, Jusan Mobile және Kaztechnology-мен серіктестікте пилоттық режимде №67/68 «Астана – Өскемен» және 3/4 Астана – Алматы Тальго пойыздарында жоғары жылдамдықты спутниктік интернетті іске қосты.  

Төмен орбиталық спутниктік топтастырылған OneWeb жүйесі маршруттың қолжетімдігі қиын учаскелерінде де тұрақты интернетті қамтамасыз етеді. Қосылу жылдамдығы 100 Мбит/с дейін жетеді. Қосылым тұрақтылығы қозғалыста жұмыс істеуге бейімделген жабдықтың арқасында және ауыспалы қамту кезінде сақталады. Сондай-ақ билеттерді тексеру үшін жолсеріктердің мобильді терминалдары, қолма-қол ақшасыз төлеуге арналған POS-терминалдар және бейнебақылау жүйелері енгізілді. Барлық жазбалар автоматты түрде бұлт қоймасында сақталады, бұл бақылау мен қауіпсіздік деңгейін арттырады.  

Жаңа буынды «Burabay Express» №888/887 электр пойызында Астана-Бурабай курорты бағытында Starlink технологиясы бойынша жоғары жылдамдықты интернетке қосылу мүмкіндігі алғаш рет енгізілді. 250 Мбит/с дейінгі жылдамдықта Wi-Fi байланыста болуға, фильмдер көруге, жұмыс істеуге, жол бойында туыстарыңызбен және жақындарыңызбен сөйлесуге мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Starlink-тен №33/34 «Ақтөбе – Алматы» және №21/22 «Қызылорда – Семей» пойыздарының екі құрамында интернетті іске қосу жоспарлануда. Іске қосылған сәттен бастап пойыздарда спутниктік интернетті барлығы 100 мыңнан астам жолаушы пайдаланды.  

Сондай-ақ, Ұлттық тасымалдаушы цифрлық сервисті енгізді, онда қазақстандықтар нақты уақыт режимінде пойыздардың қозғалысы, олардың келуі және жөнелтілуі туралы өзекті ақпаратты ала алады.  

Сервис пойыз жағдайының үздіксіз мониторингін қамтамасыз ететін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Ахуалдық орталығын құру шеңберінде әзірленді.  

Жолаушылар пойыздарында орнатылған GPS-трекерлерден алынған деректер автоматты түрде тәулік бойы бақылау жүргізілетін орталыққа беріледі. Бұл құрамдардың ағымдағы орнын жоғары дәлдікпен анықтауға және олардың қозғалыс кестесі туралы ақпаратты жедел жаңартуға мүмкіндік береді. Қызметті tablo.railways.kz. сайтынан пайдалануға болады.  

 

 

 

 

Инфрақұрылым
23.05.2026
«Курорт-Бурабай» вокзалы маусым айында пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары тасымалдар мен порт инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен ЕО Транскаспий дәлізін дамыту мәселелерін талқылады
Жүк тасымалы
22.05.2026
Қытай мен Ауғанстан арасында Түрікменстан арқылы өтетін жаңа логистикалық бағыт іске қосылды
Аймақтар
22.05.2026
Семей теміржолында кешенді жұмыс қарқын алды
Аймақтар
22.05.2026
Жаз маусымына дайындық бағаланды
Аймақтар
22.05.2026
Ардагерлер кеңесі өтті
Инфрақұрылым
22.05.2026
Ақтөбе вокзалында жолаушыларға барлық жағдай жасалады
Аймақтар
22.05.2026
Ардагер Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта орнатылды
Жаңалықтар / Мұрағат
22.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №39 22 мамыр 2026 жыл
ҚТЖ келбеті
21.05.2026
Жол үстіндегі жиырма жыл
Әлемде
21.05.2026
Бішкектен Ыстықкөл жағалауына дейінгі пойыз маусым айында іске қосылады
Жүк тасымалы
21.05.2026
Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді
Аймақтар
20.05.2026
Қызылорда облысының әкімі Шиелі вокзалының құрылысымен танысты
Әлемде
20.05.2026
Ханчжоу метросы үшін автоматтандырылған пойыз таныстырылды
Спорт
20.05.2026
Жеңімпазды сән-салтанатпен қарсы алды
Жаңалықтар
20.05.2026
Жол жүру ережесін бұзған 200-ден астам жолаушы пойыздан түсірілді
Әлемде
20.05.2026
Бішкек «Қытай – Қырғызстан – Өзбекстан» теміржол жобасына Қытайдан 305 млн доллар алады
Жаңалықтар
19.05.2026
Түркістан облысында Сырдария өзені арқылы өтетін бірегей теміржол көпірі салынуда
Әлемде
19.05.2026
Баку–Тбилиси–Баку жолаушылар пойызының қозғалысы қайта жанданды