Жолаушы пойызға үлгермей қалған жағдайда не істеу керек?

Жолаушылар үшін пойызға үлгермей қалу – жиі кездесетін қолайсыз жағдайлардың бірі. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздан қалып қойған жағдайда қандай әрекет жасау керектігін еске салады. Ең алдымен вокзалдағы билет кассасына жүгініп, туындаған жағдай туралы кассирге хабарлау қажет, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Егер жолаушы пойызға үлгермей қалса, билет құнының бір бөлігін қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл үшін өтінішті билетте көрсетілген станциядан пойыз жөнелгеннен кейін бір сағаттан кешіктірмей рәсімдеу қажет.

Қайтару рәсімін жүргізу үшін жолаушы жеке куәлігі мен билетін ұсынуы тиіс. Кассир қажетті құжаттарды рәсімдеп, бос орын болған жағдайда келесі пойызға отырудың балама нұсқаларын ұсына алады. Билет құнын қайтару көлемі мен мерзімі жолаушыларды, жүк пен багажды, сондай-ақ пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларына сәйкес айқындалады.

Мұндай жағдайларда жолаушыларға қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөмірі бойынша хабарласу, сондай-ақ вокзалдың анықтама қызметіне жүгіну ұсынылады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға осындай жағдайлардан сақтану үшін вокзалға ертерек келуді ұсынады.

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды