Контейнерлік пойыздар көбейген

Жолаушылар тасымалы
14.11.2018, 06:52
Оқуға 2 мин

2018 жылдың басынан бергі он айда Ұлттық компания бойынша барлығы 3614 контейнерлік пойыз жүріп өткен. Осы ретте 1360 транзитті пойыз Қытай-Еуропа бағытына, ал 1070-і керісінше Еуропадан Қытайға қатынаған.  

Бұл көрсеткіште өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда біршама өсім бар екені байқалады. Теміржолшылардың мәліметі бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да экспорттық бағытта тасымалданатын жүк тасымалы былтырғыға қарағанда биыл он ай ішінде 8 пайызға артып отыр. Оның ішінде жүк жіберу Қытайға – 58 пайыз, Өзбекстанға – 30 пайыз, Түрікменстанға екі есе және Ресейге 1 пайызға көбейген. Ал импорт керісінше өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға төмендеген. Бұл ретте жүктердің келуі Ресейден 6 пайызға, Ақтау порты арқылы 19 пайызға кеміген. Ал Қытай мен Өзбекстаннан, Болашақ станциясы арқылы және Қырғызстаннан келетін импорт артқан. Мамандардың айтуынша, аталған жүк тасымалын қауіпсіз жүзеге асыру үшін жыл басынан бері еліміздің 867,19 км жолын күрделі жөндеу жоспарланса, іс жүзінде бүгінге дейін соның 804,63 км-і жөнделіп біткен. Жөндеу жұмыстары үшін барлығы 668 «толаскез» жарияланыпты.

 Компанияның биылғы он айдағы жұмыстарының қорытындысы бойынша жүк тасымалынан күткен табыс 637,8 млрд теңгені құраса, соның ішінде транзиттік бағыттан түсетін табыс 187,2 млрд теңге болады делінген. Бұл бағытта барлық қатынас түрлері бойынша табыстың 12 пайызға өсуі байқалады.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ


Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды