"Жолаушылар тасымалы" АҚ алдағы 10 жылда 1000-ға жуық вагон сатып алмақ

Алдағы он жылда кезең-кезеңімен мың жолаушылар вагоны жаңартылмақ. Бұл туралы осы аптада ауқымды баспасөз брифингін өткізген «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылары мәлімдеді.  

Аталған бағыттағы жұмыстары туралы ақпаратпен бөліскен «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Едіге Мыханов пен Данияр Нұрмағанбетов, сервис және клиенттермен жұмыс жөніндегі департамент директоры Әлібек Сұлтанов журналистер сұрақтарына да жауап берді.  

– Биыл бірінші шілдеден бастап 12 бағытта динамикалық тариф құраушы жүйе іске қосылды. Сөйтіп жолаушылар үшін тиімді тарифпен билет сатып алу мүмкіндігі туындады. Жыл соңына дейін барлық бағыттарға аталған жүйе енгізілмек, – деді Е. Мыханов.

        Оның айтуынша, жол жүру құжаттарын алуда қолайлы жағдай жасау және ұйымдастыруды жақсарту шеңберінде epay.railways.kz сайтын жаңғырту, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін билеттерді ҚТЖ сайттарында рәсімдеуді жүзеге асыру, жол жүру құжаттары ЖСН бойынша жүзеге асыру, сонымен қатар ірі вокзалдарда өз-өзіне қызмет көрсету нүктелерін ашу көзделуде.

      – 9 желтоқсаннан бастап Қарағанды-Томск бағытында халықаралық бағдарды ашқалы отырмыз, ол кезде де БАҚ өкілдерін шақырып, көпшілікті хабардар ететін боламыз. Жаңа жылдан кейін Алматы-Түркістан бағытында да жаңа пойыз ашылмақ, – дейді қоғамның сервис және клиенттермен жұмыс жөніндегі департаменті директоры Әлібек Сұлтанов.

        Ал сервистік персонал жұмысына қатысты жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру үшін «Эйр Астана» АҚ-мен бірге жеке бас қасиеттерін дамытуға, сервистік персоналды клиентке бағдарлануға қайта бағдарлауға қатысты тренингтер өткізілген. Бұл тренингтер Тұлпар-Тальго пойыздарының бригадалары мен билет кассирлері арасында өткен. Оқу бағдарламалары аясында рейс алдында тренинг өткізетін он нұсқаушы дайындалыпты. Сонымен бірге 211 жолсерік жолаушыларға дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету курсынан өткен. Бұған қоса жұмысқа қабылдар алдында сервистік персоналдың әлеуметтік және психологиялық критерийлеріне басым көңіл бөлінбек. Жолсеріктердің күйзелісі мен шаршағанын басу үшін психолог кабинетін ашу көзделуде.

     Қоғам басшылығы үшін халықпен кері байланыс орнатудың маңызы жоғары. Оны қамтамасыз етуге арналған қызметтер аясында 1433 номері бойынша хабарламалар есебін жүргізудің бірыңғай жүйесі іске қосылды. Бұл арқылы жолаушылар қалалық байланыстағы абоненттер бойынша тегін, ал ұялы байланыспен шыққандар ақылы негізде аптаның барлық күнінде, тәуліктің барлық сәтінде соғу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар «Төраға блогына» да фото, бейнематериал жүктеуге болады. Әлеуметтік желілерде де парақшалар ашылған. Осындай түрлі жолмен түскен хабарламаларға дер кезінде, нақты жауап беруге баса ден қойылған.

Ұлан ОРАЗ

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК


Жаңалықтар
03.07.2024
Си Цзиньпин: Транскаспий дәлізі үшінші трансшекаралық темір жол құрылысын жеделдетеміз
Жаңалықтар
03.07.2024
ТХКБ Еуразия құрлығындағы көлік-логистика қатынастарын дамытуға тың серпін береді – Тоқаев
Жаңалықтар
03.07.2024
Тоқаев пен Си Цзиньпин Транскаспий дәлізі бойынша теміржол контейнерлерін жөнелту телекөпіріне қатысты
Жаңалықтар
03.07.2024
ҚТЖ-ның «Жасыл істер марафоны» акциясына 1,5 мың қызметкер қатысты
Қауіпсіздік
03.07.2024
Өткелде мұқият болыңыз
Жаңалықтар
03.07.2024
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы 22%-ға артты
Жаңалықтар
02.07.2024
Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі аясында бірқатар стратегиялық құжатқа қол қойылды
Жаңалықтар
02.07.2024
Марат Қарабаев елордада ҚХР Көлік министрімен кездесті
Жүк тасымалы
02.07.2024
Қазақстан-Қытай теміржолы дамып келеді
Жаңалықтар
02.07.2024
ҚТЖ мен CRRC келісімі шеңберінде алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына толық жеткізілді
Спорт
02.07.2024
Маңғыстаулық теміржолшы ММА-дан Азия чемпионы атанды
Инфрақұрылым
02.07.2024
Семейде инфрақұрылым жаңаруда
Жаңалықтар
02.07.2024
Әлемде теміржол көлігі анағұрлым экологиялық таза көлік түрі
Жолаушылар тасымалы
02.07.2024
Қазақстанда инва-купелердің саны артып келеді
Әлеумет
02.07.2024
Жемқорлықты жою жолдары талқыланды
Жаңалықтар / Мұрағат
02.07.2024
«Қазақстан теміржолшысы» газеті, №55 02 шілде 2024 жыл
Темір жол тарихы
01.07.2024
Жамбыл локомотив пайдалану депосы ғасырлық мерейтойын атап өтеді
Жаңалықтар
01.07.2024
Астана вокзалдары күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Аймақтар
01.07.2024
Жолшыларға жайлы ғимарат берілді (Фото)
Станция тынысы
01.07.2024
Түркістанның гүлденуіне теміржолшылар үлкен үлес қосып отыр