100 жас есімі: жоба жеңімпаздарының пікірі

ҚТЖ келбеті
19.11.2021, 11:11
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «100 жас есімі» жоба жеңімпаздарының бірқатарымен Rail-news.kz сұхбаттасқан еді. Андрей Азябин, «Қала маңы» Ақмола аймақтық учаскесінің электропойыз машинисі: «Теміржолдағы еңбек өтілім 15 жылды құрайды. Бізге байқауға қатысуға басшылықтан жеделхат келді. Сосын біз өтінім беріп, бағымызды сынауға бел будық. Мен «Кәсібилік» бағытын таңдадым. Байқаудың ұйымдастырылуы, жеңімпаздарды іріктеу кезеңі – бәрі маған ұнады. Жүз жеңімпаздың қатарынан табылғаныма өте қуаныштымын. Алда өзімді жетілдіру, білімімді шыңдау, компанияның дамуына үлес қосу сияқты маңызды миссиялар тұр. Мен сол міндеттер үдесінен табылуға барымды саламын».   Назгүл Жұбанова, «Экспресс» филиалының пойыз жолсерігі: «Мен жолсерік мамандығын саналы түрде таңдадым. Маған ұзақ жолда саяхаттаған ұнайды. Жолсерік қызметі – «Жолаушылар тасымалы» АҚ компаниясының айнасы. Сондықтан да бұл мамандық үлкен жауапкершілік жүктейді. Мен осы жобаға қатысуға өтінім бергенде-ақ, байқау жеңімпазы болуға лайықтымын деп жан-жақты дайындалдым. Еңбегім еш кетпеді. Бұл жетістік маған әрі қарай жетілуіме, дамуыма, мансаптық сатыда өсуге, компания игілігі үшін еңбектенуіме мотивация болмақ.   Дархан Әнуаров, «Батыс» филиалының сервистік қызмет көрсету секторының І санатты инженері: «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да сегіз жыл қызмет етіп келемін. Еңбек жолымды жолсерік болып бастадым. «ҚТЖ» ҰК» АҚ – жастар саясатын сәтті жүзеге асырып келе жатқан компания. «Жас кәсіби маман», «Менеджмент» жобасы, «Үздік маман», КТК сияқты әртүрлі шаралар мен байқауларға белсенді қатысып келемін. Қазіргі таңда Ақтөбе бөлімшесінің жастар саясаты бойынша өңірлік өкілімін. «Жолаушылар тасымалының 100 жас есімі» жобасына қатысуымның себебі, келешекте өз кәсібімнің биік шыңын бағындырып, қоғамның және ұлттық компанияның топ-менеджерлері қатарынан көрінгім келеді».
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты