Маңғыстаулық жас теміржолшы жүк пойызының бір вагонындағы автотізбекте сызат барын анықтады

ҚТЖ келбеті
23.11.2021, 14:08
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бейнеу станциясындағы Маңғыстау вагон пайдалану депосы техникалық қызмет көрсету қосынының вагон қараушысы автотізбектен тағы бір күрделі ақау тауып, апаттың алдын алды. Бұл жолы небәрі үш жылдық тәжірибесі бар, жас та болса тиянақты жұмысымен көзге түсіп жүрген вагон қараушы Нұрболат Китжановтың қырағы назарына іліккен ақау Бейнеуге Тассай станциясынан келіп тоқтаған жүк пойызының бір вагонындағы автотізбектен анықталған. Бұған дейін де ол вагоннан ақауды дер кезінде тапқан еді.

– Ақтау портына қарай бағыт алып бара жатқан құрамның жүк вагонынан табылған сызат кәдімгідей жарыққа айналуы мүмкін еді. Өзім байқаған ақауды дереу аға вагон қараушыға хабарлап, мұқият тексере келе акт толтырылып, вагон пойыздан ағытылып, ағымды жөндеу жүргізетін 6-тұйыққа жеткізілді, – дейді Нұрболаты Китжанов.

Вагоншылар күнделікті 12 сағаттық ауысымда 7-8 пойызды қарап, техникалық қызмет көрсетеді. Талапқа сай бір пойызға 6 вагон қараушыдан бөлі- неді. Маңғыстаулық вагоншылар кәсібилігімен және қырағылығымен көзге түсіп жүр, газетіміздің өткен санында «Автотіркегішке назар» айлығы аясында түрлі дәрежедегі ақау анықтаған түбектік вагон-қараушылар туралы айтқан болатынбыз. Жас теміржолшы Нұрболат Бейнеу ауданында дүниеге келіп, Ақтөбеде теміржол саласында арнайы білім алған. Отбасында бауырларының бәрі – теміржолшы. Қауіпті ақауды анықтағаны үшін Нұрболат арнайы сыйақыға ұсынылды.

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл