Батыс өңірдегі теміржолда 40 жылдан астам еңбек еткен теміржолшы бейнетінің зейнетін көрмек

ҚТЖ келбеті
30.11.2021, 12:39
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау негізінен мұнай өндірумен, мал өсірумен айналысқан аймақ. Мақат-Өзен, Бейнеу-Қоңырат, Гурьев-Астрахань темір жолдарының іске қосылумен мұнайлы өңірде теміржолшы кәсібі пайда болып, бұл салаға мамандар дайындау мәселесі өткір тұрды. Сондықтан жергілікті кадрлар дайындау мақсатында Гурьев темір жол техникумының ашылуы – осы тұрғыдан келешекті көздеген шара болатын. Сол жылдардағы бозбала, бүгінде зейнет жасына жетіп отырған Серік Жарасұлы Қабдешев, Гурьев теміржол техни- кумын 1977 жылы үздік бітіріп, еңбек жолын өзі туып-өскен Құлсары станциясында пойыз құрастырушының көмекшісі болып бастаған еді.

– 1979 жылы темір жол әскері қатарында Отан алдындағы борышымды атқарып станцияға қайтып келдім. Құлсары станциясының бастығы Кеңес ағай мен бүкіл ұжым әлдебір ұзақ іссапарға кеткен балдары қайтып оралғандай, разы көңілмен құшақ жая қарсы алды. Жарты жыл өткен соң мен жол маманы үшін аса жауапты іс – станция кезекшілігіне тағайындалдым. Құлсары станциясы ол кезде ұзындығы 850 метр, 5 қабылдап-жөнелту жолдарынан, 12 орталықтандырылған бағыттаушы, 10 қолмен бағыттаушы бұрмадан тұрды. Жұмысшылар саны 25-30 адам болатын, – деп еске алады ол.

Станция кезекшісі болып жүргенінде Гурьев тасымалдау бөлімшесіне пойыздар қозғалысының қауіпсіздік ревизоры қызметіне шақырылған жас маманға 3 жылдан соң темір жолдың тарланы, сол кездегі бөлімше бастығы А.Селбаевтың назары түсіп, Серікті техникалық бөлім бастығы етіп ауыстырады. Үш жылдан соң үлкен тораптық станция Мақатқа бас инженер болып барады. 1988-91 жылдар аралығында станция бастығы қызметін атқарды.

«Мақат өндірісі ауқымды ірі сұрыптау станциясы болғандықтан мен ол жерде жүріп үлкен тәжірибе жинақтадым. Темір жол саласының небір қыр-сы- рын үйренген жылдарым еді. Мақат – менің ең үлкен тәжірибе мектебім болды», – деп еске алады кейіпкеріміз.

Одан кейінгі жылдары Құлсары станциясының бас инженері, станция бастығы, Атырау тасымалдау бөлімінің қозғалыс резизоры, Атырау жол бөлімшесі бастығының орынбасары, Орал темір жол бөлімшесінің бастығы сынды қызметтерді абыроймен атқарып, талай биіктерді бағындырған Серік Қабдешов өзі де тарлан теміржолшылар қатарын толықтырған. Соңғы бірнеше жыл Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бастығының АСУ бойынша орынбасары міндетін атқарып, бірнеше ай бұрын құрылымдық өзгерістерге байланысты «ҚТЖ»ҰК» филиалы Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының Атырау аймақтық бөлімшемен фунционалдық бағыттағы жұмыс жасау бойынша IТ бизнес-серіктесі болып ауысып, жұмысын жалғастырған теміржолшы Серік Жарасұлы міне, күні кеше зейнет жасына жетіп, құрметті еңбек демалысына шығуға қам жасап отыр екен. Атыраулықтар өлке теміржолына еңбегі сіңген тарлан теміржолшыға ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін алғыс айтады.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті