ҚТЖ бойынша 16 соғыс ардагері бар

ҚТЖ келбеті
05.05.2023, 09:10
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл Ұлы Жеңіске – 78 жыл. Жыл сайын қатары сиреп, бүгінде санаулы ғана қалған көзі тірі соғыс ардагерлеріне мәңгі құрмет пен тағзым! «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша небәрі 16 соғыс ардагері қалыпты. Ұлттық компания тарапынан соғыс және оларға теңестірілген тыл ардагерлеріне барлық тиесілі жеңілдіктер көрсетіліп отыр.

Компанияның Әлеуметтік саясат департаментінің бастамасымен жыл сайын әртүрлі акциялар өтіп, ҰОС ардагерлеріне түрлі сый-сияпат жасалып, азық-түлік себеттері тарту етіліп келеді. Биыл да бұл акция «Ардагер жанымызда» атауымен жалғасын табады. Ардагерлер Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні мерекелеріне орай «Отан қорғаушылар алаңы» монументіне гүл шоқтарын қойып, оларға арналған мерекелік концерттің құрметті қонақтары болады.  

Сонымен қатар 2016 жылдан бері «Samruk-Kazyna Trust» қоры тарапынан соғыс ардагерлеріне «Жеңіс» жобасы аясында қолдау көрсетіп келеді. Олардың қатарында теміржолшы ардагерлер де бар. 2022-2023 жылғы «Жеңіс» жобасының бюджеті 115 миллион теңгеден астам соманы құрап отыр.  

Орталық ардагерлер кеңесі алға тартқан мәліметке сүйенсек, биылғы сәуір айындағы жағдай бойынша соғысқа қатысқан жоғарыда айтқан 16 адам қалса, соғыс кезінде Темір жол халық комиссариаты қарамағында еңбек еткен 7 адам, блокадада болған 4, концлагерь тұтқыны болған 4 адам бар. Сонымен қатар Компания есебінде Ауған және басқа да соғыс қимылдарына қатысқан 38, Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюға – 18 және тыл еңбеккерлері санатында 2495 адам бар екен. Соңғылары соғыс ардагерлерімен теңестірілген санатқа кіріп отыр.  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2021- 2023 жылдарға арналған ұжымдық шартқа байланысты Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысына, Қатынас жолдары халық комиссариаттарының арнайы құрылымдарына қатысушы болып табылатын зейнеткерлерге 30 АЕК мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар Отан қорғаушы күніне орай Компания есебінде тұрған зейнеткерлер қатарындағы Чернобыль АЭС-індегі апат салдарын жоюға қатысушыларға және ҰОС қатысушыларына теңестірілген, яғни әскери қызметін Ауғанстанда өтеген зейнеткерлерге 15 АЕК мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек көрсетіледі.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті