Халықаралық пойыз бастығы

ҚТЖ келбеті
29.01.2024, 13:13
Суретті түсірген Сара Сахынбек
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Жолаушылар тасымалы» АҚ қарасты «Алматы-Қазан» халықаралық пойыздың бастығы Дәулет Сәрсенбаевтың теміржолдағы еңбек өтілі 20 жылдан асады. Шетелге қатынайтын жолаушылар тасымалына қызмет көрсетудің жауапкершілігі зор екенін ескерсек, соңғы 4 жылдан бері пойыз бастығы лауазымын атқарып келе жатқан кейіпкеріміздің жұмысы тіпті де оңай емес.    

Әулетінде жолшылар мен жолсеріктер көп болыпты. Сол алдыңғы буын ағаларына еліктеп өскен Дәулет салада жоғары білім алған соң еңбек жолын «Алматы-Қостанай» бағытындағы жолаушы пойызында жолсерік болып бастаған. Әрі қарай ел ішіндегі бағдарлардың басым бөлігінде жолсерік болды, халықаралық пойызбен Мәскеуге, Новосібірге қатынады. 2019 жылдан бері Қазан қаласына қатынайтын пойыз бастығы болып, бүкіл құрамның қауіпсіздігі мен тәртібіне жауапты болып келеді.  

 – Жолда түрлі жағдай болуы мүмкін. Оның үстіне шекарадан өткенде кедендік және т.б. тексерулер көп болады. Сол кезде жолаушыларға түсіндіріп, түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жолаушылар арасында ішімдік ішкендер болса немесе жанжал тудыруға бейім адамдар болса, оларды тыныштандырып, тәртіпке бағындыруға тырысамыз.  Жұмыс ауысыммен, бір апта біздің бригада шықса, келесі апта басқа бригада шығады. Біздің жылжымалы құрамда 6 вагон бар, соған сәйкес 12 жолсерік вагондарға жауапты. Бұл бағытта қазақстандықтар көбіне Қазан туристік қала болғандықтан демалып қайту үшін пойызға отырады, саяхатшылардың көбі егде жастағылар. Сосын біз үстінен өтетін Екатеринбург және межелі нүкте Қазан қаласындағы ЖОО-да оқитын студенттер де көп мінеді, – дейді пойыз бастығы.  

Бұл бағыттағы пойыз жолсеріктер қауіпсіз де мінсіз сервисті қамтамасыз еткені үшін жолаушылар тарапынан алғысты жиі алады екен. Дәулет Сәрсенбаевтың өзі – көп балалы әке, бес баласының анасымен де жолсерік болып жүргенде танысып, отбасын құрған. Бақытты әке, тәжірибелі маман өмірдегі екі маңызды мәселе – жар мен мамандық таңдауда адаспағанын айтады. Бала күнгі арманы оны жолаушылар тасымалына әкелсе, осы жұмысының арқасында өмірлік жарын да кездестіргенін тағдырдың тамаша сыйы деп санайды.  

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл