Теміржолды сапалы байланыспен қамтамасыз ету маңызды

ҚТЖ келбеті
14.05.2024, 12:13
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс белгі беру және байланыс дистанциясының Түркістандағы мекемесіне соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған DX-500 пен СИ-3000, ISKRATEL сандық аппараты қойылған. Желілік аппарат механигі Ұлықбек Қожабаев заманауи құрылғылардың тілін жетік меңгерген білікті маман.

Теміржолды сапалы байланыспен қамтамасыз етіп, белгі беру қызметінің мінсіз болуы – маңызды мәселе. Сондықтан дистанция мамандары, байланыс механиктері өздеріне тиесілі учаскелердегі желінің қалыпты жұмыс істеуін мұқият бақылауда ұстап, Арыс пен Сарыағаш және Түркістан қаласындағы теміржол мекемелерін сапалы байланыс қызметімен барынша мінсіз қамтамасыз етіп келеді. Қобдиша ішіндегі жанып-өшіп жыпылықтап тұрған нүктедей ғана қызылды-жасылды, сары түсті шамдардың қызметі зор маңызға ие. Өйткені бұл құрылғылар әлемге әйгілі Huawei компаниясының өнімі болып табылады. Ал олар «Транстелеком» желілік байланыс компаниясының жабдықтарымен біріктіріле іске қосылған.  

Бір қызығы, Түркістандағы байланысшылардың бұл ғимараты мен мұнда ұйымдастырылатын қызмет республика аумағы бойынша екі өңірдің байланыс тетіктері түйіскен нүкте болып табылады. Айталық, талшықты-оптикалық желінің бір ұшы – батыс аймақтан ақпаратты Қызылорда арқылы жеткізсе, екінші ұшы – Арыс, Шымкент арқылы Тараз, Алматы, Астана мен солтүстік өңірлерді түгел қамтиды. Екінші желіні жоғарыда атап өткен ISKRATEL аппараты арқылы қамтамасыз етіледі де, DX-500 қорапшасындағы ұяшық тетіктер батыс аймақты түгел қамтиды. Ерекшелігі сол – диаметрі 3-4 миллиметрлік желі соңғы технологиялық жетістік. Өйткені осы күндері қолданыстағы бір сымның қызметін Кеңес заманындағы байланыс желісінің екеуі бірігіп әрең атқарған.  

– Бұрынғы аппараттар мен желілерді қазіргі қолданыстағы жабдықтарымызбен салыстыруға мүлдем келмейді. Себебі, UTP-желісінің біреуінің өзі бірнеше байланыс түрін қамтамасыз етуге қауқарлы. Яғни талшықты-оптикалық бұл желі дыбыстық немесе бейнебайланысқа шыққан бірнеше абонементті бір мезетте жоғары сапада байланыстыра алады, – дейді желілік аппарат механигі Ұлықбек Бектемірұлы.  

Бүгінгі таңда мекемеде 6 маман ауысым бойынша еңбек етеді. Олардың жұмысы үлкен кабинеттің бір жақ бетін тұтас алып жатқан құрылғылар қызметімен тығыз байланысты. Мысалы, шағын қорапты болса да, атқаратын қызметі ауқымды «Гранит» құрылғысы байланысқа шыққан барлық абонементті жазып алуға қауқарлы. Оның жанында талшықты-оптикалық желінің ұяшық бағанасы мен электр энергиясы сөнген жағдайда, байланыс қызметі тоқтамауы үшін 12 вольттық 4 аккумулятор орнатылған. Одан бөлек мұнда электр қуатын тұрақтандырушы да іске қосылған. Әрбір құрылғының қызметін бізге байыппен түсіндірген механик: «Жалпы, теміржол көлігінде байланыс саласының қызметі зор, оған байыпты көзқарас қажет» деп әңгімесін түйіндеді.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды