Тілдей таспада талай сыр бар

ҚТЖ келбеті
26.07.2024, 10:20
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Маржан Әнуарқызының Түркістан локомотив пайдалану депосында аға таспа тексеруші инженер болып еңбек етіп келе жатқанына биыл 13 жылдан асты. Ол бүгінде локомотивтердің жылдамдық өлшеуіне қатысты құралдардың қыр-сырын жетік меңгерген білікті маман.

– Мынау менің қолымдағы әріптестерімізге кеңінен таныс «скоростемер» құрылғысы – локомотивтің жылдамдық өлшеу құралы. Мұның негізгі қызметі жылдамдық өлшеу таспасы тіркеген деректерді жіңішке ғана қара сызық арқылы көрсетеді. Қазіргі кезде мұның технологиялық тұрғыдан жетілдірілген жаңа түрлері қолданысқа ене бастады, – деп түсіндірді Маржан таспаны салмақтап ұстап отырып.  

Айтуынша, соңғы шыққандарымен салыстырғанда бұл өзі ескілеу дүние болғанымен, қауіпсіз қозғалысты ұйымдастыруда құнды құрылғы екені даусыз. Оның құндылығы сол, деректерді ұсынуына қарап, бұған сенімді ақпарат көзі ретінде қарауға болады.  

Машинист қағаз таспаны арнайы құралға салғанда, аппақ таспаның бетіне қара сызықпен жылжымалы құрамның қозғалыс деректері тіркеліп отырады. Мұның ерекшелігі сол, «накол» деп аталатын нүктеден бастау алып, иректеліп түсетін жіптей сызық көп нәрседен хабар береді. Бұл жерде көлденең сызыққа 24 сағаттық көрсеткіштер тігінен жазылса, минуттық көрсеткіштер солдан оңға және тек жоғары қарай ғана орналасады. Ал қозғалыс нәтижесінде жазылатын ирек-ирек сызықты машинистердің өздігінен өңдеп, түзеуі мүмкін емес. Сондықтан да нүктеден басталған жіптей сызық, жоғары-төмен иректеле жүріп пойыз жылдамдығын түгел жазып, тұтас қозғалысты алақандағыдай көрсетеді. Тіпті жылжымалы құрамның қай тұста қалай жүргенін сағат-минутына дейін дөп басады десек, қателеспейміз. Демек локомотивтің жүрген-тұрғаны мен жылдамдығы, тежегіштің басылған-басылмағанына қатысты оғаш әрекеттерді жасырып қалу мүмкін емес.  

Осы тілдей таспада талай сыр жатыр, тіпті бағдаршамның белгілеріне қатысты деректер де жазылады. Сол себептен қағаз бетіне көлденең түскен сызықтың үстінен жүретін қара қаламның ирек-ирек сызығының сыры сан алуан.

– Айталық, әлгі қара сызығымыз бірсыдырғы болып, кенет бір белдеу төмен түсіп толқынданса, онда локомотив бағдаршамның сары түсімен жүрді деген сөз. Ал сызық оңнан солға қарай көтеріліп барып, жуан тік сызыққа кілт тірелсе, пойыздың қызыл бағдаршамға тоқтағаны, – дейді таспа тілін жатқа білетін маман Маржан.  

Кейіпкеріміз бөлім жетекшісі ретінде салаға енгізіліп жатқан соңғы технологияларды мейлінше меңгеруді көздейді. Өйткені қазіргі кезде таспаға жазу мен оның қыр-сырын оқудың технологиялық озық үлгілері қолданысқа ене бастаған. Сондықтан заман ағымына ілесе отыру кез келген маманның басты мақсаты деп біледі.  

 

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты