Парк кезекшісінің ерлігі

ҚТЖ келбеті
26.09.2025, 09:45
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жандос Бекжанұлы Жұмағазы - Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты Қызылорда станциясының парк кезекшісі. Ол қызметтік міндетін атқарып жүріп резервуардың жоғары клапанынан сығылған газдың ауаға тарап, ағып кетуін анықтап, төтенше апаттық жағдайдың алдын алып, ерлікке пара пар іс жасаған мақтаулы маман.

Бекеттің парк кезекшісі станция алқымындағы парк қауіпсіздігіне, кезекшілерге бекітіліп берілетін башмақтардың қайсысы қай жердегі жолда немесе вагон доңғалағына қойылғандығын білу, жауап беруге міндетті. Станция кезекшісінің МтиК пен бекітілген ДУ-61 формасы негізінде берілетін ескертпеге құлақ асуы шарт. Мұнда атқарылатын негізгі жұмыстардың нұсқасы көрсетіліп, оның негізінде локомотив бригадаларына нұсқамалар беріледі.  

Оқиға осы жылдың сәуір айында болған. Қызылорда станциясының жолында анықталған апатты жағдайда құзырлы органдар мен теміржолшылар бірлесіп жедел әрекет етіп, төтенше жағдайдың алдан ала білген.  

– Бекеттің оңтүстік алқымындағы 9-жолда №2626 жүк пойызынан ағытылып тұрған №57754855 нөмірлі цистернаның үстіңгі серіппелі сақтандырғыш клапанынан газдың ағып жатқанын байқап, жедел әрекет ету керектігін ұғындым. Әдетте пойыз тоқтағаннан кейін вагон құрамдарынан, негізінен астынан түрлі дыбыс естіледі. Алайда бұл дыбыс күнделікті еститін дыбыстарға ұқсаңқырамайды. Вагон-цистернаға зер сала қарасам, газдың пышылдаған дыбысы цистернаның үстіңгі жағынан үздіксіз дыбыспен, тұрақты қысыммен шығып тұр екен. Дереу дабыл қағып төтенше жағдай жөнінде бірден станция кезекшісі Рүстем Құрманғазиевқа хабар бердім. Өз кезегінде ДС Қ.Төрединов оқиға туралы Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіне хабарлады, – дейді парк кезекшісі Жандос Бекжанұлы.  

«Қызылорда Газ» мекемесінің арнайы мамандары газ қауіпсіздігі бойынша тиісті жұмыстарға жедел кірісіп, апаттың алдын алуға барлық жағдай жасалған.Қауіптің ауқымын шектеу, адам шығыны мен инфрақұрылымға зақым келуінің алдын алу мақсатында ДС бұйрығымен пойыздардың қабылдау, жөнелту және маневрлік жұмыстар уақытша тоқтатылған.  

– Бекет жолына келіп тоқтаған жүк вагоныннан газдың ағуы-апатты жағдай. Жағдайдың күрделілігі мен қауіптілігін ескере отырып, сағат 16:05-те депо машинисі М. Файзуллаев пен пойыз құрастырушы Н. Шукенов ТЭМ2 маневрлық тепловозының көмегімен аталған цистернаны бекеттің қауіпсіз аумағындағы жолға шығарды. Мұнда апаттық картаға сәйкес шаралар қабылдануы үшін арнайы қауіпсіздік аймағы ұйымдастырылды. Арнайы шақырылған мамандардың сараптамалық жұмыс жасалды. Парк кезекшісі Жандос Жұмағазы-өз ісіне адал, өте ұқыпты және жауапкершілігі мол маман. Апаттың алдын алуда оның дер кезінде шешім қабылдап, тиісті құрылымдарға жедел хабар беруі-нағыз теміржолшыға тән қасиет, – дейді станция бастығы Қайрат Төрединов.  

Қызылорда станциясында орын алған бұл оқиғада парк кезекшісінің қырағылығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында апаттың алды алынды. Барлық тиісті құрылымдардың шұғыл әрекет етуі, апаттық жағдайларды жою алгоритмдерінің нақты орындалуы арқасында адам өмірі мен инфрақұрылымға зақым келмеді. Бес жылдан астам тәжірибесі бар маманның әрекеті ерлікке пара пар бағаланды. Айтпақшы, Жандостың әкесі Бекжан, атасы Жұмағазы да аймаққа абыройлы теміржолшылар болды.  

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді