Жас өнертапқыштар жобасы

ҚТЖ келбеті
04.11.2025, 08:15
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астаналық оқушылардың өнертабысы теміржол қауіпсіздігін күшейтіп, төтенше жағдайдың алдын алуға сеп болуы мүмкін. Жас өнертапқыштардың жобасын сала мамандары оң бағалап отыр.

Пойызбен жүрген әр жолаушы рельс түйіскен сәттегі соққы дыбысын жақсы біледі. Бірақ оның салдары жайлы екінің бірі біле бермеуі мүмкін. Мәселен, сол соққының әсері темір жолдың тез тозуына, тіпті пойыз қозғалысы кезінде апаттық жағдайлардың туындауына да соқтыруы мүмкін. Осы қауіпті сейілту мақсатында астаналық 11 сынып оқушылары жаңа жоба ойлап тапты. Ол соққыны азайтып, рельстердің беріктігін бұрынғыдан да жақсартуға мүмкіндік береді. Жоба авторы – Дінмұхамед Матай мен Әмір Жәнібек.  

– Біз Алматыға робототехника бойынша олимпиадаға барған жолда пойыз дөңгелектерінің рельс түйіскен жерлерінен шыққан дыбысқа мән бердік. Сол кезде бұл өте қызық көрініп, дыбыстың неден шығатынын зерттей бастадық. Зерттеу барысында барлық рельстерді ауыстыру мүмкін емес, сондықтан олардың арасына арнайы байланыстырғыш бөлшек орнатуды ойлап таптық, – дейді жоба авторы Әмір Жәнібек.  

Екінші автор Дінмұхамед Матайдың айтуынша, жобаның бірінші артықшылығы – жолаушылар қауіпсіздігін арттыру, екіншісі – шу деңгейін төмендету, ал үшіншісі – деформацияның азаюы.  

Жасөспірімдердің «Теміржол рельстерін қосудың инновациялық технологиялары» атты жобасы қазақстандық патентке ие болды. Енді ол Женевадағы халықаралық тіркеуге жолданды.  

Инженерлік тұрғыдан өзекті жоба келешекте кәдеге жарауы мүмкін. Оқушылардың өнертабысымен сарапшылар танысып, ҚТЖ мамандары назар аударып, Магистральдық желі дирекциясының басшылығы инженерлік тәсілді жоғары бағалап, жобаны дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Қол жеткізілген келісімдер аясында «ҚТЖ» жобаны жетілдіру үшін қажетті материалдарды ұсынатын болады. Жол және құрылыстар департаменті тарапынан жобаны іске асыру кезінде оларды үйлестіретін тәлімгер бекітілді.  

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды