Вокзал дикторының хоббиі

ҚТЖ келбеті
05.03.2026, 10:39
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс станциясындағы вокзалдың анықтама кезекшісі әрі дикторы Ұлбала Оразбекова – он саусағынан өнері тамған шебер. Өзі бұл жұмыстан тыс кезде айналысатын сүйікті хоббиім дейді.

1972 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында 11 балалы шаңырақта дүниеге келген Ұлбала Мүсілімқызының алғашқы мамандығы – тігінші. Қолы шебер анасынан дарыған бұл өнерге ол бала кезден бейім болды. Сөйтіп мектеп бітірген бойда тігіншілік курсын оқып, фабрикада жұмыс істеді. Сөйтіп жүргенде елде нарықтық өтпелі кезең басталып, фабрика жабылып, тұрмысқа шыққан кезінде жұмыссыз қалады. 2005 жылы Таразда педагогикалық жоғары білім алып, 5 жыл мектепте сабақ берді. Алайда балалары кішкентай, мектептің жүктемесі ауыр болып, ол Арыстағы жергілікті колледжден теміржол саласы бойынша арнаулы білім алып, вокзалға жұмысқа кіреді. Оған бұл жұмысы ауысымдық болғандықтан ыңғайлы еді әрі еңбек етіп, әрі отбасына қарауға қолайлы болды. Міне, содан бергі 16 жылда анықтама кезекшісі, диктор болып еңбек етіп келеді.  

 – Диктор болуға әдемі, ырғақты дауыс керек. Вокзал дикторы өзі жадынан ештеңе айтпайды, басшылық, яғни Магистральдық желі бөлімшесі бекіткен мәтіндерді оқимыз. Ол тек пойыздардың келуі мен кетуін хабарлаудан ғана емес, кейде мерекелерде халықты құттықтау, қауіпсіздік ережелерін айтудан да тұрады. Оның әрбір сөзі, үтір, нүктесіне дейін бекітіліп келеді. Ал анықтама кезекшісі адамдармен сыпайы сөйлесіп, сұрағына толымды жауап қатуы, оларға бәрін түсіндіріп, залдағы жолаушыларға барлық ақпаратты беруі қажет. Өзіме бұл жұмысым қатты ұнайды, күн сайын адамдармен сөйлесіп, олардың қажетін өтеп, ризашылығын алғанға не жетсін, – дейді теміржолшы келіншек.  

       Осындай қауырт жұмыстан қолы қалт еткенде Ұлбала Мүсілімқызы бала кезден бойына сіңген қолөнерімен айналысып, түрлі құрақ көрпелер, жамылғылар, қыз жасауын тігеді. Көбіне оларды сыйлап жібереді немесе жақын таныстарының сұранысымен тігеді.  

– Қолөнермен айналысқаннан демаламын. Бұл бір ғажап өнер ғой. Әдемі түрлі маталарды қиып, оюлап, бір әсем бұйым шығарып, көрген көз қуанатындай дүние жасайсың. Тігу техникасын мен кәсіби тұрғыда оқығандықтан әрбір жасаған көрпе, төсегім бәрінің көңілінен шығады. Олар риза болса, мен де марқайып қаламын, – дейді өнерлі вокзал дикторы.  

Егер сіз Арыс вокзалына жолыңыз түсіп, пойыздың келген-кеткенін хабарлап отырған әсем дауысты дикторды естісеңіз, ол біздің кейіпкеріміз Ұлбала деп біліңіз.  

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді