Еңбек жолы – өнеге

ҚТЖ келбеті
08.03.2026, 11:46

Бойындағы білімі мен тәжірибесін теміржол саласына тиімді енгізе білген әріптесіміз Сауле Бакирова зейнеткерлік демалысқа шықты. Оның көпжылдық еңбек жолы – тілге жанашырлық пен кәсіби адалдықтың жарқын үлгісі.

Сәуле Аманжолқызы еңбек жолын білім беру саласынан бастап, түрлі деңгейдегі оқу орындарында қызмет атқарды. 1998 жылы қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алған сәттен бастап туған тілінің қолданыс аясын кеңейтуге белсенді түрде атсалысты. Әр жылдары жоғары оқу орындарында және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қызмет етіп, мемлекеттік тілдің білім мен басқару жүйесіндегі орны мен мәртебесін арттыру жолында ауқымды жұмыстар атқарды.  

2005 жылдан бастап Сәуле Аманжолқызы теміржол саласына ауысып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «ЖолаушыларТранс» ЖШС, «Қамқор жөндеу корпорациясы» ЖШС, «Қамқор Менеджмент» ЖШС сынды компанияларда еңбек ете жүріп, теміржол терминологиясының жүйеленуіне, ғылыми негізде қалыптасуына зор үлес қосты. Теміржол терминдері мен ұғымдарын жинақтап, тіл басқармасы және ғылыми орталықтармен бірлесе отырып арнайы сөздіктерді бекітуге, жүйелеуге атсалысты. Ол тек аударма жасап қоймай, еліміздің барлық өңіріндегі филиал аудармашыларына әдістемелік көмек беріп, тәжірибе бөлісті, кеңестер мен оқыту жұмыстарын жүргізді. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижесінде өндірістік терминология жүйеленіп, теміржол саласына енгізілді. Сол кездегі Ақпарат министрлігінің Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі бекітілген бағдарламасына сәйкес Сәуле Аманжолқызы теміржол саласында аударма ісін жетілдіру бағытында барлық аймақтарда дөңгелек үстелдер, оқыту семинарлар, тренингтер ұйымдастырып, мемлекеттік тілдің қолданысын күшейтуге сүбелі үлес қосты.  

Бүгінгі күнге дейін «Қамқор Локомотив» ЖШС кадр саясаты бөлімінің қызметкері ретінде Қазақстан бойынша барлық өңірлердегі орналасқан филиал жұмысшыларының біліктілігін арттыру, кәсіби деңгейін көтеру бағытында, сондай-ақ әлеуметтік бағыттарын, жастар саясаты кеңесінің жұмыстарын ұйымдастыруға атсалысты. Сауле Бакированың бастамасымен және тікелей қатысуымен біліктілік арттыру курстары, білім сайыстары, форумдар, дөңгелек үстелдер, сонымен қатар кадрлық резервті қалыптастыру, жас мамандарды жұмысқа тарту мақсатында оқу орындарымен және сала мамандарымен кездесулер жүйелі түрде ұйымдастырылды. Оның жетекшілігімен «Қамқор Локомотив» ЖШС өндіріс жұмыскерлері, жас мамандары жоғары кәсібилікті және даму жолындағы ұмтылысты көрсете отырып, республикалық және салалық конкурстар мен форумдарға белсене қатысты.  

Мәселен, әр жылдары кәсіпорын өкілдері WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатында «Дәнекерлеу технологиялары» құзыреттілігі бойынша жоғары шеберліктерін көрсетіп, лайықты өнер көрсетті. Сондай-ақ жұмыскерлер «Еңбек жолы» республикалық конкурсына, «Парыз» конкурсының «Әлеуметтік жауапкершілігі жоғары үздік кәсіпорын» номинациясына, «Қазақстан машина жасаушыларының VI форумына», сондай-ақ салалық машина жасаушылар кәсіподағы ұйымдастырған «Үздік дәнекерлеуші» номинациясы бойынша республикалық салалық кәсіби шеберлік байқауына қатысып, басшылық тарапынан қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау тауып отырды.  

Светлана БАЙҚАДАМОВА

«Көліктегі жөндеу мекемелерінің 

салалық кәсіби одағы 

«Қамқор Магистраль» ҚБ төрағасы

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады