«Үздік маман» атану оңай емес

ҚТЖ келбеті
01.05.2026, 11:49
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астана белгі беру және байланыс дистанциясының электрмеханигі Жансерік Балмаханов – жиырма жылға жуық тәжірибесі бар теміржолшы. Көп жылғы адал еңбегі үшін «Үздік маман» төсбелгісімен марапатталған. Ал былтыр Ақмола магистральдық желі бөлімшесі басшылығының Алғыс хатын алды.

Қазалыда вагон жөндеуші болып еңбек еткен әкесі Өмірзақтың жолын қуып, Ақтөбеде теміржолдың байланыс саласында білім алған кейіпкеріміз Отан алдындағы борышын өтеп келген соң Астана белгі беру және байланыс дистанциясының ЭЦ-1 постына өз мамандығымен жұмысқа тұрады. Бүгінде ол СОБ, яғни Сигнал беру, орталықтандыру және блокировкалау құрылғыларының үздіксіз жұмысына жауапты маман.  

«Үздік маман» атану үшін ең маңыздысы не деген біздің сауалымызға күліп алған Жансерік күнделікті жұмысы жайлы әңгімеледі.

– Біздің жұмыста жылдамдық өте маңызды, байланыс құралдары мен аспаптарынан табылған ақауларды жылдам анықтап, қалыпты жұмысқа келтіреміз. Күнде таңертең 8.30-да тұрақты түрде еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы нұсқаулығымен танысып, одан әрі технологиялық процесс кестесі бойынша жұмысқа кірісеміз. Күнделікті жұмысты жоспарлау жиналысында күні бойы атқарылатын жұмыстар реті талқыланып, әр қызметкерге нақты тапсырмалар жүктеледі. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі мен жұмыс тәртібіне қатысты маңызды мәселелер еске салынады. Жоспарлау жиналысынан кейін аға механиктен мақсатты нұсқама аламыз. Нұсқама барысында орындалатын жұмыстардың ерекшеліктері, ықтимал қауіп-қатер және техника қауіпсіздігін сақтау талаптары жан-жақты түсіндіріледі, әр қызметкердің жауапкершілігі нақты айқындалады. Одан кейін өзімізге бекітілген аймаққа барып, жоспарланған жұмыстарды орындаймыз. Жұмыс барысында СОБ құрылғыларының техникалық жағдайы тексеріліп, ақаулар анықталған жағдайда дер кезінде жойылады. Сонымен қатар алдын алу және жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Барлық жұмыстар бекітілген нұсқаулықтар мен қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып атқарылады. Міне, осы міндеттердің бәрін талапқа сай атқарып, өз кәсібіңе адалдық танытсаң еңбегің табысты да болады, үздік те атанасың, – деді кейіпкеріміз.  

Басшылық әрбір тапсырмаға жауапкершілікпен қарап, бағдаршамдар мен бағыттама бұрмалардың үздіксіз жұмысын тексеріп, өз міндетін сапалы әрі уақытылы орындауға тырысатын маманды жоғары бағалайды.  

– Астана станциясы бойынша өзімізге бөлінген аумақтағы теміржолдың байланыс құрылғыларын тексеріп, кез келген ауа райында түзде жүреміз. Мәселен, дүйсенбі жұмысымыз бағыттама бұрмаларын тексеруге арналады, яғни бұрандалары босап кетпеді ме, айналасы бітеліп қалмады ма, қараймыз, қолымызға өзімізбен бірге кілттеріміз бен балғаларымызды, ломдарымызды алып жүреміз. Одан әрі басқа да бізге тиесілі жабдықтардың жұмысын тексереміз. Айына бір рет комиссиялық тексеру болады, сол кезде бағдаршамдардың алыстан қалай көрінетіні қаралады, оның дұрыс көрінуінің өз нормасы бар. Талапқа сай болмаса көрінетіндей етіп баптауын реттеп қоямыз, сонымен қатар перегонда айына бір рет рельс байланыстырушы бөліктер де қаралады, қысқасы пойыздардың қауіпсіз қозғалысы үшін қажетті жағдай туғызумыз керек, – дейді тәжірибелі электрмеханик.  

Қысқасы, «Үздік маман» атану тіпті де оңай емес екенін түсіндік. Төрт баланың әкесі Жансерік Балмаханов үшін өз мамандығын дұрыс таңдап, сол жолда абыройлы еңбек ету – бәрінен қымбат.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады