Станция кезекшісі

ҚТЖ келбеті
01.05.2026, 12:25
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Берікбай Орынбаев – Ақтөбе теміржолына қарасты Дөң станциясының кезекшісі. Станциядағы қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты тұлғаны жұмыс орнында жолықтырдық.

Өндіріс аумағындағы екінші класты жүк станциясынан вагондарға хром рудасы тиеліп, жөнелту жұмыстары ұйымдастырылады. Сондай-ақ Хромтау ауданы аумағына жеткізілетін құрылыс материалдары мен жеке фирмалардың тауары да осы жерде түсіріледі. Станция Дөң кен байыту комбинатымен күнделікті байланыста. Күніге 4 пойыз қабылданып, соншасы жөнелтіледі.  

Берікбай аға өз кәсібін жақсы меңгерген және жақсы көреді. Еңбек жолын 1993 жылы жол монтері болып бастапты. Жол шаруашылығында біраз жыл тәжірибе жинап, кейін вагон қараушы болып ауысады. Өз ісіне мұқият, жауапкершілігі жоғары маман болып қалыптасады. 1997 жылы басшылықтың сұрауымен пойыз құрастырушы болып ауысады. «Пойыз құрастырушы қауіпті мамандық, сіз сияқты жауапты маман керек» деген басшылардың сөзін жерге тастамай, алдымен жол, сосын вагон, енді қозғалыс саласын бағындыруға кіріседі.  

Жауапкершілік дегеннен шығады, бір кездері станцияның кәсіподақ ұйымын басқарып, әріптестерінің жоғын түгендеген, уақытша станция бастығының орынбасары міндетін де атқарған. Ұжым алдындағы беделі жаман емес. Әріптестері оны сабырлы, сенімді әрі әділ жан деп бағалайды. Себебі ол тек кәсіби қызметкер ғана емес, ұжымдағы тәлімгер. Барлық салада көп жылдық тәжірибесі бар маманның ақыл-кеңесіне әсіресе жас буын көп сүйенеді.  

«Ауа райы қолайсыз кезде пойыз қозғалысын қауіпсіз ұйымдастыру – қиын да күрделі процесс. Қарлы боран мен қатты аязда станциядағы барлық адам жабылып, көмекке жолшылар да, вагоншылар да келіп, қиындықты еңсерген күндер аз болған жоқ. Сондықтан теміржол жұмысы ұжымдық дер едім. Өз басым қиын жағдайда сабыр сақтап, тәжірибеге сүйеніп шешім қабылдауды құп көремін», – деді Берікбай Түреғазиұлы.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды