Жол үстіндегі жиырма жыл

ҚТЖ келбеті
21.05.2026, 13:42

Түнгі пойыздың терезесінен сыртқа көз тастаған жан ғана жолдың шексіз екенін сезіне алады. Қараңғылықты тіліп өткен жарық, алыста жылтыраған шам, үнсіз сыр ақтарған рельс… Бір қарағанда, бұл – жай ғана қозғалыс. Ал Нұрбибі Бекболатова үшін бұл – тұтас өмір.  

Жиырма жыл уақытын пойыз ішінде өткізген ол әуелде бұл мамандықты арман қуып таңдаған жоқ. Дипломы бойынша есепші де, агроном да болып жұмысын жалғастыра алушы еді. Бірақ тоқсаныншы жылдардың алмағайып кезеңі оны басқа арнаға бұрды. Қолына жолсеріктің формасын ұстап, беймәлім сапарға шыққан күні әлі есінде. Осыдан бастап оның өмірі рельс бойымен өріліп, тағдыры жолмен астасып кете барды. Оның қызметке алғаш шыққан күні ерекше қобалжу мен толқуға толы болған жоқ. Керісінше, өмірдің бір қалыпты ағысына қосылғандай өткен. Себебі Нұрбибі апаның жаратылысы бөлек, қай ортаға барса да жатырқамай, адаммен тез тіл табысып кететін ашық мінез иесі. Бірақ ол кезде жолсерік болу бүгінгідей «жеңіл» жұмыс емес еді.

Ескі вагондар, бірде қарып түсетін ыстық, бірде сүйектен өтетін суық, пеш жағу, көмір тасу... Кейде вагон терезесінде жалғыз қабат қана әйнек тұратын. Ызғар өтпесін деп оны мақтамен бітеп қоятын. Қыстың ұзақ түнінде вагон іші суып кетпес үшін көмір тасып, пеш жағып, таңнан кешке дейін тынымсыз қимылдайтын.  

«Біздің уақытта ешкім жұмыстан қашпайтын» дейді ол. Расында да, бұл сөздің астарында тек естелік емес, еңбекке деген шынайы құрмет жатқаны байқалады. Кейіпкеріміз үшін жұмыс міндет қана емес, өмірінің мәні еді.  

«Сол кездегі жолаушылар да бөлек болатын. Жолсерікке деген құрметтері ерекше, сыйластықтары бөлек еді», –  деп еске алады ол.  

Қазіргі күнмен салыстырғанда үлкен айырмашылық бар. Бұрынғының адамдарында сыйластық, түсіністік басым еді. Ал бүгінгі қоғамда ол қасиет те сирей бастаған сыңайлы. Жол үстінде өткен жылдар жадында талай із қалдырды. Әсіресе кей сапарда алыстан көзге шалынған шетел пойыздары ерекше әсер еткен. Бұл – қызғаныш емес, таңданыс еді.  

Әрине, жол үсті жаймашуақ күйден ғана тұрмайды. Билетсіз жолаушы, тәртіпсіздік, тіпті бұзақылармен бетпе-бет келген сәттер де аз болмаған. Бірде Мойынты станциясынан мінген күмәнді адамдар купеде жанжал шығаруға шақ қалады. Батыл Нұрбибі апа тайсалмай алға шығып, жағдайды реттеуге тырысқан. Кейін бастығы оны тоқтатып, «алдына барушы болма» деп ескерткен. Бірақ ол үшін қорқыныштан бұрын жауапкершілік биік тұрған.  

Осындай қайсар мінезі, батылдығы көптің назарынан тыс қалмаған. Бір сапарында жолаушылардың арасында болған бір ақын Нұрбибі апаның болмысына сүйсініп өлең арнап, жинағына енгізеді. Арада уақыт өткен соң арнайы іздеп келіп, кітабын Нұрбибі апаның қолына табыстапты. Бұл қажырлы еңбектің елеусіз қалмайтынының бір белгісі болса керек.  

Жолсеріктің жұмысы билет тексерумен шектелмейді. Кейде психолог, кейде төреші, кейде жанашыр дос болуға тура келеді. Бірде ұзақ жыл бойы туған жеріне бара алмаған әйелдің мұңын тыңдап, өзінің де түні бойы көз ілмегені бар. Тағы бірде түрмеден шыққан екі әйелдің ауыр тағдырына жүрегі езілген. Мұндай сәттер оны өмірдің сан алуан қырын тануға үйретті.

Нұрбибі апаның еңбек жолын ұлы да таңдапты. Бірақ бұл шешімді ол өз көңіл қалауымен таңдаған. Бүгінде ол да жолсерік болып еңбек етіп жүр. Тәжірибесі мол анасы оған үнемі ақылын айтып, адалдықты, тәртіпті сақтауды үйретуде.  

Уақыт өте бәрі өзгерді. Қазіргі вагондар жарық, таза, автоматтандырылған. Бұрынғыдай көмір тасып, пеш жағудың қажеті жоқ. Бірақ соған қарамастан Нұрбибі апа өзі еңбек еткен жылдарын ерекше сағынады. Өйткені ол жылдар шынайы еңбектің, төзімнің, өмір мектебінің жылдары еді.

 

Арайлым МАЙСАТАЙ,  

MNU студенті

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты