Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады

ҚТЖ келбеті
23.06.2026, 09:27
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей темір жолында өндіріс пен ғылымды қатар ұштастырып түрлі жетістіктерге жетіп жүрген білікті мамандар жетерлік. Олар көлік саласындағы тың инновациялық әдістемелерді меңгеруге, заманауи жаһандық үрдісті зерделеуге ден қойған.

Жуырда Семей станциясының бас инженері, «ҚТЖ 100 жас есімі» жобасының жеңімпазы, «М.Тынышпаев атындағы ALT Университеті» АҚ магистранты Бекзат Кәрімханов Өзбекстан астанасындағы Ташкент мемлекеттік көлік университетінің базасында арнайы ғылыми тағылымдамадан өтіп қайтты. Бұл сапарға барып қайтуына Семей магистральдық желі бөлімшесі демеушілік жасап, біліктілікті шыңдауға ден қойған жас зерттеушілерге үнемі қолдау көрсететін Айдын Шәуежанов қолдау білдірген. Басты мақсат – көлік саласындағы заманауи технологиялар бойынша жаңа білім алу, тәжірибе алмасу, сондай-ақ кәсіби құзыреттерді дамыту және инженерлік университеттегі білім беру үдерісімен танысу болатын.  

– Ташкент бізді таңғалдырды. Бауырлас елдің көлік-логистика саласы біршама дамыған. Өндіріске озық технологиялар енгізуде жетістіктері аз емес. Қызығушылығымызбен қатар аздап қызғаныш сезімі оянғанын да жасырмаймыз. Жалпы, тағылымдама барысында университеттің жетекші ма мандарының дәрістерін тыңдадық. Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы, сондай-ақ университеттегі оқыту ерекшеліктері қарастырылды. Тағылымдамада теориялық дайындықты пысықтап, ғылым мен техниканың өзекті мәселелерін талқыладық, – дейді Бекзат Нұрланұлы.  

Ең бастысы, сапар нәтижесінде логистика саласындағы тың ғылыми зерттеулер мен заманауи көлік технологиялары бойынша мол білім жинап қайтыпты. Яғни, кәсіби саладағы дүниетаным кеңейтіліп, мамандық бойынша тың ақпараттар жинаған. Айтуынша, жаһандық көлік саласындағы инновациялар қарастырылып, электрлік және жүргізушісіз көліктің дамуы, зияткерлік көлік жүйелері (ITS), логистиканы цифрландыру және жасанды интеллектті пайдалану мәселелеріне қанығыпты. Сондай-ақ тасымалдау қауіпсіздігін арттыру, қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату жайы да талқылау өзегіне айналыпты.  

Көрші елдегі ағайындар теміржол саласындағы технологиялық процестерге ғылымды да кеңінен енгізген екен. Ташкенттегі жоғары оқу орнындағы оқытудың басты ерекшелігі де сол. Университеттегі магистрлер зертханалық жұмыстар жүргізіп, түрлі жобалардың маңыздылығына терең үңіледі. Яғни, салалық қызметтегі болашақ инженерлерге қойылатын талаптар біршама кеңейген. Бұл орайда теміржолдағы тасымалды ұйымдастыру және басқару саласы бойынша білім көкжиегін кеңейтіп, халықаралық деңгейде зерделеу жұмыстарын қолға алған Бекзат Кәрімханов сынды өндіріс пен ғылымды ұштастырған мамандар үшін осынау ғылыми тағылымдаманың көмегі көп болғаны сөзсіз.  

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты