Сауатты шешім апаттан құтқарды

ҚТЖ келбеті
13.07.2026, 14:17
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз – Шу телімінің 3729-шы шақырымы. Кешкі уақыт. Сағатына 55 км жылдамдықпен келе жатқан пойыз Тәтті – Аспара өткеліне жақындап қалғанда асығыс өткелді кесіп өтуге ұмтылған тіркемесі бар жүк көлігін байқады...  

Локомотив бригадасы дереу шұғыл тежегішті қолданды. пойыз жүрісін баяулатып, өткелге санаулы метр қалғанда жүк көлігіні де өткелден өтіп үлгерді.  

– Бұл өткен айдың соңында, кешкі уақытта болған оқиға. Өткелге жете бере 19.26-да тоқтаған пойыз 8 минуттан соң қайта жүріп кетті. №3328 пойыз тізгініде 12 жылдық тәжірибесі бар машинист Марат Салибегов пен көмекшісі Бақытбек Сыздықбаев болған. Локомотив бригадасы әрине қанша жерден шұғыл тежеу басса да өткелге жетпей тоқтай алмасын білді, дегенмен 500 метрдей жолда пойыз жылдамдығын азайту есебінен жол-көлік оқиғасының алдын алуға тырысты. Біздің машинистердің сауатты әрекетінің арқасында соқтығысудың алдын алу мүмкін болды, – дейді Жамбыл локомотив пайдалану депосы бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Мәди Қонысбаев.

Оқыс жағдайға тап болғанда біліктілік пен тәжірибенің тигізер көмегі көп. Өзбекстанда туып-өскен машинист Марат Төлегенұлы  2007 жылы Ташкент теміржол колледжінде машинист көмекшісі мамандығын алып, үш жыл көрші елде еңбек етіпті. 2011 жылы Тараз қаласына қоныс аударып, Жамбыл локомотив пайдалану депосы тәжірибесі бар маманды бірден жұмысқа алған. 2014 жылы депо басшылары Марат Салибеговке электровоз тізгінін сеніп тапсырыпты. Ал көмекші машинист Бақтыбек Сыздықбаевтың үш жылдық тәжірибесі бар.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады