Әлмахановтар әулетінің ақтаңгері

ҚТЖ келбеті
14.07.2026, 09:09
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолды жай кәсіп көзі емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан аманат ретінде қабылдап, тағдыр-талайымен байланыстырған еңбек әулеттерінің бірі – ақтөбелік Әлмахановтар отбасы. Бұл әулеттің теміржолдағы жиынтық еңбек өтілі бүгінде 395 жылға жеткен. Бір әулеттен төрт бірдей «Құрметті теміржолшы» шығуы кәсіпке деген құштарлық пен адалдықтың белгісі дер едік.

Әулет тарихының бастауында тұрған Ырғызбаев Әлмахан – Қазалы паровоз депосында алғашында кочегар, кейін машинист көмекшісі болып еңбек еткен, сол заманда қазақтар арасында алғашқылар қатарында «Құрметті теміржолшы» атанған жан. Бұл салаға 37 жыл ғұмырын арнаған.  

Әке жолын жалғаған ұлы Әлдебай Әлмаханов та теміржолда 39 жыл тер төгіп, ол да «Құрметті теміржолшы» атағына ие болды. Әлдебай ақсақалдың 13 баласы болды, құдай қосқан қосағы екеуі жеті ұл мен алты қыз тәрбиелеп өсірді. Жеті ұл түгел және бір қыз теміржолшы мамандығын таңдады. Олардың үшеуі бүгінде зейнет демалысында болса, қалғандары әлі де салада еңбек етіп келеді. Бүгінде олардың сапын немере-шөберелері толықтырған. Яғни әулет дәстүрі үзілмей жалғасып келеді.  

Әлдебайдың ұлдары Қанат пен Әскербай Әлмахановтар да «Құрметті теміржолшы» атанған. Әскербай Әлмаханов машинист болып 37 жыл еңбек етіп, теміржолдағы жауапты қызметтің жүгін абыроймен көтерді.  

Біздің бүгінгі әңгімеміздің бас кейіпкері – Қанат Әлдебайұлы Әлмаханов. Ертең мерейлі 75 жасқа толатын ардагер теміржолшының еңбек жолы кейінгі буынға үлгі һәм өнеге болса керек. Ол Ташкент теміржол инженерлері институтын тәмамдап, еңбек жолын 1972 жылы Қазалы локомотив депосында слесарь болып бастады. Кейін машинист көмекшісі, машинист, депо бастығының орынбасары, бас инженер, бөлім бастығынан департамент бастығына дейінгі барлық өндірістік қызмет сатысынан өтті. Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан өңірлеріндегі локомотив шаруашылығын басқарып, дамытуға елеулі үлес қосты. «Құрметті теміржолшы» белгісімен қатар «Үздік басшы», «Адал еңбегі үшін» төсбелгілерімен және Қазақстан теміржолының мерейтойлық медальдарымен марапатталған ардагерді теміржолшы қауым мықты локомотивші маман ретінде таниды. Кейін қауіпсіздік қозғалысы саласында бас ревизор, теміржол музейінің директоры, кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметтерін атқарып, 2017 жылы құрметті демалысқа шықты.  

Ақтөбе қаласында тұратын ардагер теміржолшы күні бүгінге дейін сала өмірінен қол үзген емес.  

– Темір жол туралы жаңалықтарға әрдайым құлақ түріп отырамыз. Жақсы жаңалық естісек қуанамыз, ал жолаушының наразылығы немесе вагондардың жай-күйі туралы ақпарат шықса, оны өзімізге айтылған сындай қабылдаймыз. Өйткені темір жол – біздің өміріміз. Қазір цифрландыру дәуірі. Жұмыс тәсілі де, талап та өзгерді. Бір кезде мен 15 локомотив депосының жұмысын үйлестірдім. Ол кездегі техниканың құрылымы мүлде басқа болатын. Бүгінде бәрі автоматтандырылған, компьютерлік жүйеге көшкен. Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалған. Ең бастысы – білім мен біліктілік қажет, – дейді ардагер.  

Әлмахановтар әулетінің ақтаңгерін мерейлі жасымен құттықтауға асыққандар қатарында салада талай жыл қатар жүріп тер төккен үзеңгілес дос-жаран әріптестен бөлек, өзі тәрбиелеп өсірген, бүгінде Қазақстан темір жолының түкпір-түкпірінде қызмет атқарып жүрген шәкірттері – арысы Астана мен Алматыдан, берісі Атырау мен Оралдан үшбу сәлем жолдап, ардагерге мықты денсаулық, бақуатты ғұмыр тілейді.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады