«Машинистер ұстаханасынан» шыққан майталман маман

ҚТЖ келбеті
02.08.2026, 12:20
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінгі Семей теміржолында еңбек әулетінің даңқты жолын лайықты түрде жалғастырып келе жатқан майталман тепловоз машинистері жетерлік. Солардың бірегейі 1-ші класты машинист Берік Көпбаев десек қателеспейміз. Биыл оның тепловоз тізгініне отырғанына  30 жыл толып отыр. Осы жылдар бойы ол жолаушылар пойыздарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп, өзін кәсіби шеберлігімен танытып келеді.

Аягөздік әйгілі династия өкілі Берік Төкенұлы «машинистер ұстаханасы» аталатын осы станцияда, теміржолшылар отбасында дүниеге келген жан. Әкесі Төкен қария ұзақ жылдар бойы машинист, кейін машинист-нұсқаушы болып еңбек етіп, өз ісінің білікті маманы атанды. Ал, анасы Күлсім теміржол депосының асханасында ұзақ жыл абыройлы қызмет атқарған. Осындай еңбекке құрметпен қарайтын отбасында тәрбиеленген Берік бала кезінен теміржолшы мамандығының жауапкершілігін сезіп өсіп, әке жолын жалғастыруды өмірлік таңдауы етіпті.

Бүгінде Көпбаевтар – теміржол саласындағы еңбек дәстүрін сақтап келе жатқан өнегелі әулеттердің бірі. Әулеттің тоғыз мүшесі әр жылдары отандық теміржол саласында еңбек етіп, осы саланың дамуына өз үлестерін қосып келеді. Бұл – бірнеше ұрпақ бойы қалыптасқан еңбекке адалдықтың, кәсіби сабақтастықтың және отбасылық тәрбиенің айқын көрінісі болса керек.

Ал, 1996 жылы Аягөз локомотив пайдалану депосы жанындағы машинист көмекшілерін даярлау курсын тәмамдаған Берік Төкенұлы сол жылы жолаушылар тасымалы колоннасында машинистің көмекшісі болып еңбек жолын бастапты. Алғашқы күннен бастап жауапкершілігімен, тәртіптілігімен және кәсіби білімге деген ұмтылысымен ерекшеленіп, тәжірибелі әріптестерінен тағылым алады.

Үздіксіз ізденіс пен қажырлы еңбектің нәтижесінде 2002 жылы 3-класты машинист біліктілігін иеленді. Ал, 2008 жылы қызметтік ауысу тәртібімен Семей локомотив пайдалану депосына келіп, жолаушылар пойыздарын жүргізуді жалғастырды. 2010 жылы 2-класты машинист дәрежесін алса, 2023 жылы теміржолшы үшін ең жоғары кәсіби деңгей саналатын 1-класты машинист біліктілігіне абыроймен қол жеткізді.

Осынау отыз жылдық еңбек жолында Берік Төкенұлы мыңдаған шақырым жол жүріп өтіп, жолаушылар пойыздарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосты. Машинист мамандығы ерекше қырағылықты, темірдей тәртіпті және үлкен жауапкершілікті талап ететіні белгілі. Ол осы қағидаларды басты ұстанымына айналдырған маман. Сонымен қатар, бүгінде жас мамандарға тәлімгерлік жасап, өз тәжірибесімен бөлісуде. Бұл оның азаматтық парызы.  

Ұзақ жылғы адал еңбегі жоғары бағаланып, бірнеше мәрте Алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ теміржол саласының дамуына қосқан үлесі үшін «20 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен және «Қазақстан темір жолы – 25 жыл» мерейтойлық медалімен наградталды. Бұл марапаттар оның кәсібіне деген адалдығы мен жоғары біліктілігінің айқын дәлелі.

Берік Төкенұлы – өнегелі отбасының тірегі. Жұбайы Жұлдыз білім беру саласында еңбек етеді. Үш қыз тәрбиелеп өсіріп, бүгінде немерелерінің сүйікті атасы атанып отырған ардақты азамат үшін отбасы мен еңбек – егіз ұғым.

Теміржол – Көпбаевтар әулеті үшін жай ғана кәсіп емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан өмірлік жол. Осынау жолды абыроймен жалғастырып келе жатқан Берік Төкенұлының ғұмыры кәсібилік пен қайраткерліктің жарқын үлгісі. Осындай еңбек адамдары сөз жоқ Қазақстан теміржолының сенімді тірегі.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды