Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі

ҚТЖ келбеті
11.09.2026, 09:28
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жұмысшы мамандықтар ішінде сирек кездесетін кәсіптің бірі – локомотив шаруашылығындағы таспа талдаушы қызметі. Осы ерекше мамандықты меңгерген Әсем Тілебалдина Астана локомотив пайдалану депосында аға таспа талдау инженері болып үш жылдан бері еңбек етеді.

14 жылдық тәжірибесі бар теміржолшы қыз осы жұмысы арқылы локомотив бригадаларының әр сапардағы жұмысын бағалауға, сол арқылы пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.  

– Менің міндеттеріме КЛУБ, БОРТ қауіпсіздік құралдарының, жылдамдық өлшегіш таспалардың жұмыс принципін білу, сапалы таспа талдау, сонымен қатар пойызды жүргізу, тежегіштерді басқару, тіркеу кассеталарына және жылдамдық өлшегіш таспаларға жазылған барлық параметрлерді тіркеу және олардың пайда болу себептерін анықтау, жылдамдық өлшегіш пен оның жетегі, ALSN және тежегіштердің жұмысын білу жатады. Жылдамдық өлшегіш таспаларды талдау кезінде инженер белгіленген нысандағы журналдарда барлық анықталған бұзушылықтарды, кіру және өту бағдаршамдарындағы кідірісті, жылдамдық өлшегіштердің, машинист пен крандардың бүкіл ақауын және уақытша өшіп қалуын, пойыз қандай сигналға және тежегіш жолының жағдайына сүйене отырып шұғыл тежеу бергенін жазады. Ай сайын жол бойында бұзушылықтарға жол берген машинистердің аты-жөнін арнайы экранда көрсете отырып, анықталған бұзушылықтардың көшірмелерін, учаскенің бейнежазбасын, бұзушылықтың сипатын және қабылданған шараларды іліп қою керек. Бұл жұмыс локомотив бригадаларына болған жайтты уақытылы жеткізуге, профилактикалық жұмыстарды жүргізуге және осындай бұзушылықтардың қайталануына жол бермеуге мүмкіндік береді. Айналып келгенде мұның бәрі мыңдаған тонна жүктер мен мыңдаған жолаушылар тасымалдайтын пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін арттыруға тікелей ықпалын тигізеді. Қысқасы, қиындығы мен жауапкершілігі жетіп артылатын жұмыс, – дейді таспа талдаушы өз жұмысын түсіндіріп.  

Айтуынша, осындай маңызды міндеттер жүктелген маманға аса мұқият, принципшіл және объективті болу керек. Өйткені локомотив бригадаларының тәртібі ғана емес, адамдардың қауіпсіздігі де сапалы таспа талдау мен бұзушылықты ертерек анықтауға тікелей байланысты.  

– Жылдамдықты өлшейтін таспаларды талдауға арналған монограммасы бар арнайы стендте станциялар, 4 бағыттағы, яғни Астана-Есіл, Астана-Қарағанды, Астана-Павлодар, Астана-Көкшетау бағытындағы учаскелердің өткелдері көрсетілген. Машинистердің әр сапары бойынша таспа талдауы локомотив бригадасының жұмысын мұқият, жауапкершілікпен және терең түсінуді қажет етеді. Маған әсіресе жұмысым арқылы сапардың барлық барысын көріп, машинистің іс-әрекеті белгіленген талаптарға қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтаған ұнайды. Таспа талдау жоғары зейінді, табандылықты, жауапкершілікті және аналитикалық ойлауды қажет етеді. Кейде сізге ұзақ уақыт бойы көп ақпаратпен жұмыс істеу керек болады, әр жазбаны оқып шығып, көптеген параметрлерді салыстырасыз, сондықтан шыдамдылық пен ұсақ-түйекке мұқият болу маңызды. Бұл жұмыста соған қоса машинист жұмысының ерекшелігін түсіну, құралдардың көрсеткіштерін, сигналдарды және нормативтік құжаттардың талаптарын түсіну қажет, – дейді Әсем Амангелдіқызы.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды