Теміржолшы болу үшін туғандаймын…

ҚТЖ келбеті
15.07.2021, 11:52
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Бейнеу станциясының жүк қабылдап тапсырушысы Анар Қыдырханова Қарақалпақстанда туып-өскен. Мектеп бітірген соң Қазақстанға келіп, Атыраудағы теміржол техникумына оқуға түседі, Бейнеу станциясына жұмысқа орналасады. Міне, содан бері де ширек ғасырға жуық уақыт өтіпті. Еңбек жолын станцияда құжат жөнелтуші болып бастаған ол үш жылдан соң тауар кассирі, сосын транзиттік жүктер бойынша агент болады. 2002 жылдан бері станцияда жүк қабылдап тапсырушы. 1992 жылы Еркін есімді азаматпен шаңырақ көтеріп, Бейнеудің жергілікті тұрғыны болып шыға келеді.

− Мен теміржолшы болу үшін туғандаймын. Өзімді басқа мамандықта көре алмаймын. Кім мамандығын сүйсе, ештеңенің қиын- дығы білінбейді екен. Үйді де, түзді де бірге алып жүруге болады. Бейнеу тоғыз жолдың торабында орналасқан, жан-жақтан пойыздар келіп-кетіп жататындықтан жұмысымыз қашанда қызу. Солай болса да, біздің жалақымыз біраздан бері бір қалпында. Көтерілмейді. Дәрігерлер, мұғалімдер, басқа мамандардың еңбекақылары көбейіп жатқанда қызығады екенсің, – деп назын айтты кейіпкеріміз.

Анар апа бүгінде мақтаулы теміржолшы ғана емес, үш ұлды дүниеге әкеліп, оларды ешкімнен кем қылмай тәрбиелеген үлгілі ана, аяулы әже. Жолдасына сүйікті де қолдаушы жар. Азат, Назар, Закария есімді үш ұлы бар. − Жұмысқа кірген жылдар әлі есімде. Жүк пойыздарын жазушымын. 1988 жылы 31 желтоқсан түні еді. Сол түнде Бейнеу станциясындағы №14 жолға Мақаттан бір құрама келді. Оны Орта Азияға қарай тапсыруымыз керек. Құраманы жазып келе жатып қалай екенін білмеймін, бір вагонды жазбай кетіппін. Негізі оның әубастағы құжаты Атырауда қалып қойған екен. Мен де оны жазбай кетемін. Сөйтіп оны біз солай құжатсыз жөнелтеміз. Содан мұны Түркіменстанның Чарджоу деген жеріне барғанша ешкім білмейді, құжаты қаралмайды да. Чарджоу станциясында бір вагон артық шығады, құжаты жоқ. Вагонда бағалы жүктер, сол кездегі ең алды қымбат кілемдер, телевизорлар бар. Ол Беларусь елінен Ауғанстанға баруы керек жүктер екен. Сонымен вагонның Атырауда қалып қойған құжаты артынан келіп, үлкен дау болды. Вагон Чарджоуда тұр. 19 жастағы жас қызбын. Ол кезде «Ашхабад-Мәскеу» пойызы жүретін. Соған билет алып, құжатты алып дереу артынан жөнеп бердім. Құжатсыз вагон жіберу үлкен қателік, әрине, тәртіп қатал. Мені басшылық, кәсіподақ – барлығы бірлесе ортаға алып, мәселемді қарап, сөгіс берді. Бұл маған үлкен сабақ болды. Содан бері 34 жылға жуықтады. Сол оқиғадан сабақ алып, басқа қателеспедім. Әліге дейін құжат қарауда есіме түсіп, қайта-қайта тексеремін. Мені сол бір қателік «есейтіп», нағыз теміржолшыға айналдырды, – дейді Анар Қыдырханова.

Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл