Биыл ревизорлық аппарат Жамбыл телімі бойынша 396 тексеру жүргізді

Қауіпсіздік
13.09.2022, 12:07
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жамбыл темір жолы Қарағанды бөлімшесінің Мойынты, Алматы бөлімшесінің Отар, Шымкент бөлімшесінен Түлкібас станциясымен және Қырғыз темір жолының Мерке станциясымен шектеседі. Бұл бөлімше бойынша тасымалдау процесі екі түрлі тартымдық қызметпен іске асырылады.

 Айталық, Мойынты – Шу – Отар – Тараз – Түлкібас телімдерінде электровоз тартымы қызмет көрсетіп, тасымалдың 93%-ын қамтыса, Тараз – Жаңатас телімі әлі электрленбегендіктен тепловоз тартымы арқылы жүзеге асып отыр. Ол тасымалдың қалған 7%-ын құрайды.  

Әрине, тасымал процесі қандай тартым түрімен жүргізілсе де, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мәселе болып қала бермек. Бұл ретте, Жамбыл бөлімшесіндегі қозғалыс қауіпсіздігі мәселесін бақылауға алған Жамбыл телімі бойынша ревизорлық аппараттың жұмысы аз емес. Сегіз маманның әрқайсысы – өз ісін жақсы меңгерген кәсіби теміржолшылар. Ревизорлық аппарат Жамбыл телімі бойынша жыл басынан бері 396 тексеру жүргізіп, 4 мыңнан астам сәйкессіздікті анықтаған. Нәтижесінде 200 тыйым салу шарасын қабылдаған.

– Ең бірінші кезекте темір жол мүлкін сақтау: жылжымалы құрамды, құрылыстарды, жабдықтарды, механизмдер мен құрылғыларды күтіп ұстау бірінші орында болуы керек. Қызметкерлер санының нормативтері мен кәсіби талаптарына сәйкес персоналды жасақтау мен орналастыруды, пойыздар қозғалысымен байланысты лауазымдарға үміткерлерді кәсіби іріктеуді, еңбек және технологиялық тәртіпті нығайтуды, әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтитын кадр мәселесі өз алдына жеке блок болып табылады. Өңірде алдын алу жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келеді. Теміржол кәсіпорындарының қызметкерлері жол бойында мал жаю ережелерін түсіндіру мақсатында оқу орындарына, автокөлік кәсіпорындарына тұрақты түрде барып, халықпен кездесіп, әңгімелеседі, теледидар мен радиодан хабар таратып, басылымдарда мақалалар да жариялап жүр. Соған қарамастан, кейбір адамдар теміржолда жүру, теміржолға жақын жерде мал жаюға қатысты қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуды тоқтатар емес, – дейді Айрабыл Өтеубаев.  

Айтуынша, адамдардың қарапайым ережелерді сақтамауы нәтижесінде теміржолға материалдық және қаржылық зиян келсе, адам басып кеткен локомотив бригадасы үшін психологиялық күйзеліс оңай болмайды. Бұл жағдайдан кейін олардың қалыпқа келуі үшін ұзақ уақыт қажет көрінеді.

– Теміржолдағы жазатайым оқиғаларды тергеу нәтижелері, көп жағдайда зардап шегушілердің ішімдік ішкенін анықтап беруде. Сонымен қатар жастардың трендіне айналған селфи деген де сор болды. Жасөспірімдердің теміржол объектілерінде немесе жылжымалы құрам үстінде селфи жасамақ болған әрекеттері ажал құшуға, қала берді мүгедек болып қалуға әкелуде. Сондай-ақ, қауіпті аймақта жастардың құлаққап киіп алып, музыка тыңдап жүруі де қайғылы оқиғалар қатарын көбейтуде. Қазір сабақ басталды. Жаңа оқу жылының басталуымен қырағылықты арттырып, адам денсаулығы мен өмірі үшін ықтимал қауіп-қатерді төмендету мақсатында белгіленген ережелерді сақтауға шақырамыз, тек қырағылық пен сақтық сенің өміріңді сақтайды, – деп сөзін түйіндеді Жамбыл өңірінің бас ревизоры.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды