Қараусыз малдан қауіп азаяр емес

Қауіпсіздік
30.09.2022, 09:46
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей аймағында теміржол бойында қараусыз жайылған мал мәселесі күн тақырыбынан түспей тұр. Пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін жайт бірлесіп күш жұмылдырғанда ғана шешім таппақ. Осы орайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Семей магистральдық желі бөлімшесі» мен Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі тың шаралар қатарын қарастыруда.

 Жуырда Абай облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасында НЖС-6 қызметкерлерінің ұйытқы болуымен арнайы жиын өтті. Басқосуға Семей магистральдық желі бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Азат Беркімбаев, пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Қанат Әділханов қатысты. Сондай-ақ, облыстық басқарма басшысы Анзор Абаев, Семей станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Жанат Ибраев бастаған тәртіп сақшылары және желі бойында орын тепкен Шаған кенті, Жиенәлі және Ертіс ауылдық округтерінің әкімдері де қатысты.  

Жиын барысында соңғы уақыттары жиі орын алып отырған жүк және жолаушылар пойыздарының шұғыл тоқтауы, қараусыз жайылған малдың жол үстіне шығып кетуі, тепловоздардың ірі қараларды қағып кетуі сынды оқиғалар кеңінен сөз болды. Семей магистральдық желі бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары Азат Санмұратұлы арнайы баяндама жасап, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен жоспарлы шаралар жайлы да айтып өтті. Мәселен, биыл жыл басынан бері қараусыз малдың кесірінен локомотивтердің 38 шұғыл тежелуі орын алған. Соның ішінде   әсіресе түнгі мезгілде ірі қараны қағып кету фактілері тіркелген. Келеңсіз жайттар әсіресе Жаңа-Семей – Дегелең телімінде жиі орын алуда. Бұл аумақта 10 ауыл мен 30 шаруа қожалығы бар екен. Мұның сыртында теміржолға таяу орналасқан шаруа қожалықтарымен 94 мәрте жиын өтіп, жалпы көлемі екі мыңға жуық адам ақпараттандырылған. Сол тәрізді аудандық әкімдіктермен тығыз жұмыс жүруде. НЖС-6 өз күшімен шаруашылық тәсілмен 40 шақырымнан астам мал қоршауын салып, жөндеуден өткізген.  

– Әйтсе де, осындай ауқымды жұмыстарға қарамастан біз күткендей нәтиже болмай тұр. Шаруалар әсіресе жылқыларын түнгі мезгілде қараусыз қоя береді. Телімде пойыздар сағатына 100-120 шақырым жылдамдықпен қозғалатындықтан қауіп деңгейі жоғары. Сондықтан жол дистанциясының жұмысшылары жол торып, желі бойындағы малды өздері қайыруға мәжбүр. Тепловоз машинистері де қырағылықты арттырған. Жалпы, бірлесе отырып мәселені шешу қажет, – деді Азат Санмұратұлы.  

Жиын барысында қатысушылар мәселені шешудің бірнеше жолын қарастырды. Бұл орайда НЖС-6 бастығының бірінші орынбасары Азат Санмұратұлы бірқатар ұсыныстар жасады. Атап айтсақ, жергілікті жұртшылықпен кездесуден бөлек бос жүрген малды учаскелік инспекторлардың көмегімен ақылы тұраққа қамау, мал иелерін анықтау үшін ветеринарлар көмегімен түліктерді тіркеуден өткізу сынды тың міндеттемелерді ұсынды. Желілік полиция өкілдері бұл ұсыныстың заңдылығына үңілді. Сол тәрізді ауылдық округтер әкімдерінің де ұсыныс-пікірлері тыңдалды.  

Алдағы уақытта желі бойындағы елді мекен тұрғындарын, шаруа қожалықтары жетекшілерін ақпараттандыру жұмыстары тағы да қарқын алмақ. Сол тәрізді желінің қос қапталын қоршау және рельске жақын жайылған төрт түлік иелеріне айыппұл салу сынды жұмыстар да күшейтілмек. Ал облыстық басқарма басшылығы мен жергілікті атқарушы органдар бұл бағыттағы жұмыстарға қолдау білдіретін болды. Екі аптадан соң тағы да бас қосып, атқарылған шаралар пысықталып, жаңадан жоспар жасалмақ.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды