Жолаушылар вагондары мен электр пойыздары қыста жұмыс істеу режиміне көшірілуде

Қауіпсіздік
18.10.2022, 09:36
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ инфрақұрылымы мен жылжымалы құрамдары қысқы мезгілде жұмыс істеуге дайындық үстінде. Бұл бағыттағы жұмыстар 1 қарашада аяқталады.

Тиісті шаралардың жүргізілуін компания басшылығы мен құрылымдық бөлімшелер өкілдерінен құралған арнайы штаб реттеп отыр. Жұмыстың ең басты бағыттарының бірі – жолаушылар тасымалы кешендерін суық маусымға дайындау. Жолаушылар вагондары мен электр пойыздары қыста жұмыс істеу режиміне көшірілуде. Вокзал ғимараттарында жылыту жүйелерін тазалау, қысымын реттеу жұмыстары жүргізілді.  

Қазандықтар мен жылыту трассалары да қысқа дайындалуда. Кесте бойынша жылыту маусымы үшін техникалық және тұрмыстық көмір жеткізіліп жатыр. Теміржолшылар қажеттілігі үшін 20 мың тоннадан астам көмір түсірілді. Қызметтік-техникалық ғимараттар мен электрлендірілген орталықтандыру қосындары тексеріліп, кем-кетігі жөнделуде. Дайындық шеңберінде станциялық шаруашылық бойынша жарық беру жүйелері мен бағыттама бұрмаларының пневма үрлеу құрылғыларына да ревизия жүргізілді.  

Сонымен қатар машиналар мен механизмдерге техникалық қызмет көрсетіліп, жабдықтардың, жанар-жағармайдың қысқы қоры жинақталуда. Тасымал үдерісінің тұрақты жұмысын, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тораптар мен локомотивтер жүйесі қысқы режимге көшірілді. Бұған қоса теміржолшылар қысқы жұмыс киімдері және жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілді, барлығы 180 мың дана түрлі киімдер алынды. Сондай-ақ теміржолшылар арасындағы алғашқы қыстаушыларды оқыту мәселесіне де ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл тәжірибелі тәлімгерлерге 5128 «алғашқы қыстаушы» бекітілген.  

Жалпы алғанда 1 қарашаға дейін Қазақстан теміржолында 460 қазандықтың қысқа дайындығы толық аяқталып, 4 мыңдай өндірістік-техникалық ғимаратқа жөндеу жүргізіліп болады. 248 қар тазалау техникасы дайындалады. Қазан айының соңында арнайы комиссия барлық жұмысты тексеріп, қабылдап алады.

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Инфрақұрылым
26.08.2026
Қазақстанның транзиттік жолдары жаңа мүмкіндіктерге жол ашты
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды