Жамбыл өңіріндегі вокзал, станциялардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 494 бейнекамера қажет

Қауіпсіздік
04.11.2022, 10:30
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Тараз станциясы желілік полиция бөлімінде Жамбыл жүк тасымалы мен магистральдық желі бөлімшелері басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиында вокзал, станция, парк, локомотивтерге бейнебақылау орнату, адам қағу мен мүліктердің ұрлануына тосқауыл қою, болат жолдың бойын қоршау сынды қауіпсіздікке қатысты жайттар талқыланды.

Желілік полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Қалжан Орынбеков сөз алып, күн тәртібіндегі мәселе бүгінгі таңда аса өзекті болып отырғанын, сондықтан бүгінгі жиында бұл бағыттағы кейбір мәселелерді шешу жолдарын табуға септігін тигізеріне үміт артатынын жеткізді. ЖПб бастығының бірінші орынбасары Аслан Дүйсенбаев баяндама жасап, бүгінгі күні теміржол қоршауларының дені ескіріп, бағаналары ұрланған, сым темірлері бүктеліп, одан адам да, мал да өтіп, пойыздардың жедел тежеуі жиі орын алып отырғанын мәліметтермен бөлісті.  

– Әсіресе, мұндай оқиғалар халық тығыз орналасқан Тараз – Түлкібас телімінде жиі қайталанады. Тіпті, бүгінгі күні ұрлық көбейгендіктен біздің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері тынымсыз жұмыс істеуде. Тыйым салу белгілерін қою, Тараз – Ақыртөбе, Тараз – Қаратау – Жаңатас бағытында қоршау жұмыстарын жүргізу, оны қайта жөндеу сын көтермейді. Тараз – Құмшағал арасындағы қоршаулардың бағаналары алшақ орналасқан. Мұнда пойыздар қозғалысы сағатына 90 км болу керек болса, кедергілерден жылдамдық төмендеген. Тараз станциясынан Ақыртөбеге кіреберістегі бағдаршамға дейін, Тараз станциясынан Түлкібасқа кіреберістегі бағдаршамға дейін және Тараз станциясынан Жаңатас станциясындағы теміржол тұйығына дейінгі аралық 397 шақырымды құрайды. Бүгінгі күні мұның 73,5 шақырымы қоршалған. Тараздан Ақыртөбеге кіреберістегі бағдаршамға дейінгі аралықтың бар-жоғы 16,6 шақырым ғана қоршалған. Тараз – Түлкібас арасындағы 59,9 шақырым қоршалған. Дегенмен, олқылықтар көп. Тараз – Ақыртөбе арасындағы қосымша қоршау жұмыстары жоспарға енбеген. «Жол картасына» сай келмейді. Абай даңғылы бойындағы жаяу жүргіншілер өткеліндегі тұрғындарға «ескерту белгісі» машинистің жолына қарайды, керісінше ол жаяу жүргіншілерге қарау керек, – деді полиция өкілі.  

Ал Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің азаматтық қорғаныс жөніндегі инженері Мұрат Бейсенбаевтың айтуынша, бүгінгі күні ЖПб-нің қызметкерлері қарайтын станцияларға 220 бейнебақылау керек. Бүгінде бейнебақылауды сатып алу, орналастыру бойынша бағасын анықтаумен орталықтандырылған жүйе айналысып жатқан көрінеді. Бұл алғашқы толқынмен алынатын камералар, жалпы Жамбыл өңірін толық қамту үшін 494 бейнекамера керек екен.  

– Бұл жерде барлығы қаржы мәселесіне келіп тіреледі. Бейнекамераларды алу үшін 195 миллион теңге керек. Соңғы заңнамаларға сүйенсек, болат жолдың бойында аспалы көпір салу, жаяу жүргіншілердің өткелдерін жөндеу, белгі қою – тікелей жергілікті биліктің жұмысы. Біз бұған дейін де қала әкімдігіне хат жазған болатынбыз. Енді, осы жиынды басымдыққа ала отырып тағы да хат түсіреміз, – деді Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Молдахмет Қожабеков.  

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің директоры Сұлтан Борамбаевтың айтуынша, қоршаулардың 70 пайызы қолды болады екен. «Оны ұрлайтындар сырттан келмейді. Жасыратын несі бар, арасында өзіміздің теміржолшылар да бар. Тараз – Құмшағал арасындағы қоршаудың тең жартысы ұрланған. Бүгінгі күні 120 шақырым қоршау қайта жасалып, бұл жұмыс 110 пайызға орындалды. Ал жалпы Жамбыл өңірінде 2300 шақырым қоршалу керек, алғашқы кезекте 750 шақырымды қоршап алуымыз керек, келесі жылға 250 шақырым жоспарланып отыр. Қоршалып жатқан аймақ – мал көп жайылатын жерлер», – деді Сұлтан Адамбайұлы.  

Қыс кезінде жолаушы көп жиналатын вокзалдар мәселесі де сөз болды. Тараз, Түрксіб, Шу, Қаратау, Жаңатас вокзалдарына ЛЭД-экрандар қойып, халыққа теміржолдың қауіп-қатерін хабарлап отыру қажет. Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының вокзал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Бейбіт Садықбеков: «Қазір бюджетте қаржы қарастырылып, келесі жылға жоспарланып отыр. Біз бұл мәселе бойынша Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасына және Тараз қаласы әкімдігіне хат жазғанбыз», – деді.  

Жиналғандар бірқатар мәселелер бойынша ортақ келісім қабылдады. Енді ай сайын бас қосып, келесі жиынға қала әкімінің орынбасары мен Жамбыл облысы әкімдігі жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының өкілдерін шақыратын болды.  

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады