Атырауда қызметкерлерді эвакуациялау бойынша жаттығу өтті

Қауіпсіздік
04.11.2022, 11:17
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшесі ғимаратында апатты жағдайлар бойынша «Өрт кезіндегі әрекет. Қызметкерлерді эвакуациялау» деген тақырыпта жаттығу өтті.

Одан бұрын өндірістік қауіпсіздік және экология мамандарымен оқу-жаттығу кезінде жарақаттанудың алдын алу шаралары жүргізілген болатын. Жаттығуға жүзге тарта қызметкерлер тартылды. 

Ғимараттың бірінші қабатында электр қорғанынан өрт шықты деген белгі берілісімен барлық қызметкерлер ауладағы арнайы жиын орнына көшірілді. Өрт пойызының мамандары оқиға орнына шұғыл жетіп, өрт ошағы залалсыздандырылып, қауіп сейілген соң қызметкерлер жұмыс орындарына қайта барды. 

«Тілсіз жаудың қашан, қайдан келіп қалғанын білмей қалатын жағдайлар көп кездеседі. Әсіресе үлкен ғимаратта өрт шыққан не басқа бір төтенше жағдай орын алған кезде жүздеген адам қалай әрекет етуі керек, өздерінің және айналасындағылардың қауіпсіздігін сақтау үшін не істемек керек? Осы мақсатта өткен жаттығу шарасына бөлімшедегі барлық қызметкерлер қатыстырылды. Бұл адам өмірі мен қауіпсіздік үшін қажетті жаттығу болды», – дейді Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлім бастығы Әзиз Айжарықов. 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады