Пойыздардың терезесін таспен атқылау әлі де кездеседі – желілік полиция

Қауіпсіздік
27.01.2023, 10:50
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығы аймағында және қала маңында халық тығыз орналасқан Тараз, Талас, Құмшағал, Шөлдала станцияларында жергілікті тұрғындармен жиын өткізді.

Желілік полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Лаура Көпбаева көпшілікке пойыз қозғалысы кезінде шұғыл тежеу жағдайларын, тежегішті іске қосқанмен пойыздың тоқтауы қиын екенін түрлі фактілерді мысалға келтіре отырып түсіндірді. Адамдардан бөлек төрт түлік малдың да теміржол маңында иесіз жайылуы қозғалыс қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіретіні аян.  

– Тараз станциясының қызмет көрсету учаскесінде пойыздардың адам басып кету фактілерінің алдын алу, балалардың теміржолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауы, жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу, кәмелетке толмағандардың арасында әкімшілік құқықбұзушылықтарды болдырмай – халықпен кездесуде қозғалатын басты тақырыптар. Жасөспірімдердің түнгі мезгілде бейсауат жүруі де олардың түрлі жазатайым оқиғаларға ұшырауына себеп болады, бұзақылықпен жолаушы пойыздарының терезесін таспен атқылау фактілері де жоқ емес, – деді Лаура Көпбаева.  

Желілік полиция қызметкерлері осы станциялар аумағындағы №44,50 орта мектептерінде болып, оқушыларға қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне қатысты жаднамалар таратып, бейнероликтер көрсетті. Теміржол қателікті кешірмейді, қауіпті аймақтағы қауіпсіздік ережелеріне тәрбие сағаттарын арнау жөнінде білім мекемелерінің ұстаздарына ұсыныс та айтылды.  

 

Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды