Жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетіндерге айыппұл салынады

Қауіпсіздік
03.02.2023, 10:37
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе ферроқорытпа және Ақтөбе хром қоспалары зауыттары секілді ірі жүк жөнелтушілермен тікелей жұмыс істейтін Жіңішке станциясында қауіпсіздік – өткір мәселе. Ал теміржол елдімекенді ортасынан кесіп өтеді.

Бірінші класты станцияға келіп-кетіп жатқан жылжымалы құрам да көп, әрі-бері қатынаған жаяу жүргіншілер қарасы да аз емес. Десек те, белгіленбеген жерден өтуге құмар тұрғындар қауіпсіздікті ескере бермейді. Оның соңы әрине қайғылы жағдайға душар етіп жатады. Станция теміржолшылары желілік полиция қызметкерлерімен бірлесіп апта сайын қауіпсіздік талаптарының сақталуын қадағалау шарасын жүргізеді.  

Бұл жолы арнайы рейдке шығып, алдымен жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен тұрғындарды тоқтатып, олармен профилактикалық жүмыс жүргізді, келесі жолы қанша айыппұл төлейтіндерін де жасырмай айтты.  

Құрамында станция бастығының орынбасары Әлібек Жұмабаев пен станцияның инженер-технологы Анар Мұқанова бар арнайы топ станция аумағындағы мектепке барып, оқушылармен кездесті.

Тұрғындар қалашығы, Химик, Махамбет ауданы тұрғындарымен және ондағы мектептерде тағы да түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мұғалімдерге де теміржолды кез келген жерден кесіп өтпеу, жол бойында сақтық шараларын қатаң сақтау туралы оқушылармен ашық сабақтар өткізуге ұсыныс жасады. Оларға алғыс айтқан мектеп басшылығы қауіпсіздік мәселесі тәрбие сағаттарында арнайы тақырыпқа арқау болатынын жеткізді.  

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды