Ақтөбеде машинистер шұғыл тежеуді биыл 4 рет қолданған

Қауіпсіздік
07.02.2023, 09:46
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде биылғы жылдың алғашқы айының өзінде жолға бөгде адамдардың шығып кетуі салдарынан машинистер 4 рет шұғыл тежеу қолданып, пойызды тоқтатуға мәжбүр болған.

Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе станциясы ұжымы «қауіпті аймақтарда» рейд жұмыстарын ұйымдастырды. Өткен аптада станция басшысы мен орынбасары, әскерилендірілген күзет пен желілік полиция өкілдерінен құралған топ жылжымалы құрамды шұғыл тоқтату оқиғасы жиі тіркелетін өткелге рейд жасады. Сельмаш ауданындағы көпір астынан темір жол өтеді. Шойын жолдың екі жағында халық тығыз орналасқан. Және бұл – темір жол қаланы қақ ортасынан кесіп өтетін тұс. Сол себепті ескі қала мен мөлтек ауданды байланыстырып тұрған көпір аумағында жүргінші көп. Көпірді айналып өтуді қиынсынғандар қоршауды бұзып, өздеріне ыңғайлы тұстан жол салып алған.  

«Темір жол бойындағы қоршауларды сындырып тастайтындар көп. Жол дистанциясының жолшылары осы жердегі сынған қоршауларды бірнеше қайтара жөндеді. Өткен жылы 27 рет пойызды шұғыл тежеу болса, биылғы бір айда 4 рет қайталанып отыр. Былтыр қоршауды алып тастаған тұстан өтпек болған 82 жастағы қала тұрғыны қайтыс болды. Егде жастағы қария пойызды байқамай қалған, дабыл дауысын естімеген», – дейді Ақтөбе станциясының басшысы Нұрлан Ермағамбетов.  

Әскерилендірілген күзет және көлік полициясы азаматтарға темір жолдан өту ережелерін тағы да түсіндіріп, мұқият болу керектігін ескертті. Тек қана арнайы жабдықталған жерлерден, өткелдерден өтудің адам өмірі үшін маңыздылығын түсіндірді.  

«Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – азаматтардың белгіленбеген жерлерде темір жолды кесіп өтуі. Өкінішке орай адамдар теміржолдың қаншалықты қауіпті аймақ екендігін, оның зардаптарын басына түспей жете түсінбейді, ескермейді. Шұғыл тежеу фактілері де азаяр емес. Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк және жолаушылар пойыздарының адамды қағып кету қаупі жоғары екенін біздің халыққа айтып шаршадық», – деді Ақтөбе станциясы желілік полиция бөлімінің өкілі Айбек Кетеғұлов.  

2022 жылы тәртіп сақшылары белгіленбеген жерден өткен азаматтарға қатысты 212 әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салынып, ескертулер берілген.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды