Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша техникалық сабақ өтті

Қауіпсіздік
13.02.2023, 08:35
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Осы аптада Батыс аймақтағы алты станцияда қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей жауапты мамандарға арналған техникалық сабақ өтті.

Батыс аймақтық жүк тасымалы филиалының нұсқаушысы Ақтан Нұржанов алты станцияны аралап, техникалық сабақ өткізіп қайтты. Басты тақырып – өндірісті жұмыс орнында қауіпсіздікті сақтау теориясы пысықталды. Теміржолшылар болған оқиғалардан сабақ алу үшін шынайы мысалдарға жүгінді.  

– Темір жолда болып жатқан жағдайлармен тұрақты танысып отырамыз. Басқа жерде болған оқыс жағдайды талқылап, кемшілік қайталанбас үшін шұғыл шара қабылдаймыз. Арнайы тақырыптармен жұмыс істейміз, – дейді Ақтан Нұржанов.

Нұсқаушының сабағы Әйтеке би станциясынан басталды. Оған Никельтаудан Әйтеке биге дейінгі телім қызметкерлері жиналды. Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша техникалық сабақ арнайы бекітілген тақырыптармен өтіп, сауатты әрекет ету, ширақ қимылдау ережелері егжей-тегжейлі айтылды. Әрі қарай Никельтау –Әлімбет телімі бойынша жалғасқан техсабақ та осы бағытта өтті. Қандыағаш станциясынан кейінгі ірі жүк жөнелту станциясында қауіптің алдын алудың теориясы жан-жақты талқыланды.  

Техсабаққа бас инженерден бастап станция басшысы, ревизор, станция кезекшілері, оператормен қоса вагон құрастырушылар да қатысты. Өткен жылда болған кемшіліктер ескертіліп, болған жайлардан сабақ алу керектігі түсіндірілді.  

Келесі техникалық сабақтар алдағы аптада Сексеуіл – Қарашоқат аймағы және Шалқар – Тассай станцияларында өтеді. 

 

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды