Студенттер қауіп-қатердің алдын алуға атсалысты

Қауіпсіздік
21.02.2023, 10:46
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе-1 және Ақтөбе-2 станциялары аралығында теміржолшылар әскерилендірілген теміржол күзеті қызметі мен желілік полицияның қатысуымен қауіпсіздік рейдін өткізді. Бұл жолы профилактикалық жұмыстарға еріктілер де тартылды.

Рейдтік іс-шаралар қос станция аралығында шұғыл тежеу оқиғалары жиі тіркелетін тұстарда ұйымдастырылды. Жаяу жүргіншілер мен жақын маңайда тұратын тұрғындарды аралап жүріп, теміржол бойындағы қауіпсіздік, жолдан өту ережелері түсіндірілді. Қоғамдық көмекшілер мен Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі студенттерінен құрылған еріктілер теміржолшыларға көмектесіп, көпшілікті қауіп-қатерден сақтандырумен қатар, ескерту парақшаларын таратты. Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің өкілі Роза Төлегенқызы бірнеше сағатқа жалғасқан рейд жұмысы нәтижелі болуы үшін профилактикалық шараның бәрі жасалғанын жеткізді.  

– Еріктілер қатарындағы студенттер де рейд шараларына қатысу арқылы қауіп-қатерді сезінді. Үлкен әсерде жүрді. Демек, олардың өзі болашақта теміржолда ереже сақтауды есте ұстап, қанша адамды сақтандыруға ықпал ететін болады. Олар айналасымен бөліседі, айтады, – дейді.  

Өткен жылы желілік полиция бөлімі қызметкерлері 2542 азаматқа әкімшілік құқық бұзғаны үшін хаттама толтырған. Сонымен қатар түнгі мезгілде үлкендердің қадағалауынсыз теміржол бойында жүрген 4 жасөспірім бейімдеу орталығына жеткізілген. Өткен жылдың есептік кезеніңде жолаушылар және жүк пойыздарының 84 рет шұғыл тежегіш қолдану дерегі орын алса, оның 23 жағдайында теміржолға кенеттен адам шығып қалуы себеп болған.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды