Былтыр Ақтөбе аумағында пойыздар 84 рет шұғыл тоқтаған

Қауіпсіздік
24.02.2023, 10:20
Оқуға 2 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбеде станция қызметкерлері мен темір жолдың тәртіп сақшылары дөңгелек үстел басына жиналды. Басқосудың басты тақырыбы қауіпсіздік деңгейін арттыру болды.

Өткен жылы Ақтөбе аумағында пойыздардың 84 рет шұғыл тоқтауы тіркелген. Оның 23 дерегі теміржол бойына кенеттен адам шығуына орай қолданылса, 56 жағдайда жолға шыққан малдың кесірінен тоқтаған. Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ержан Төлегенұлының айтуынша, осы шұғыл тежегіш қолдану деректеріне қатысты 46 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.  

«Теміржол бойында жазатайым оқиғаларды және травматизм фактілерін болдырмау үшін станциялар мен қала аумағын бөліп тұратындай теміржол айналасы қоршалып, бақылауда болуы керек. Қажетті жерлерде арнайы өткелдердің қойылуы жөнінде теміржол және жергілікті әкімдік басшыларына талап-ұсыныстар айтылды», – дейді Ержан Төлегенұлы.  

Сонымен қатар жиында ҚР ІІМ мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекіткен «Қазақстан Республикасы темір жолында қауіпсіздік деңгейін және мүліктің сақталуын арттыру бойынша 2022-2024 жылға арналған Жол картасының» талаптары, темір жол көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу, қызмет көрсету аумағында және тепловоздарға бейнебақылау камераларын орнатуды көбейту, жүктерді ұрлаудың алдын алу және жол картасы бойынша құрылған жұмыс топтарымен атқарылған жұмыстар талқыланды. Теміржол көлігінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар жан-жақты сөз болды.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды