Теміржолшылар білім-біліктерін шыңдады

Қауіпсіздік
03.03.2023, 10:13
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шалқар – Сексеуіл, Шалқар – Тассай аралығындағы теміржолшылар кезекті техникалық сабаққа қатысып, білім-біліктерін шыңдады.Тежегіш табандығын пайдалану туралы нұсқаулық ережесін мұқият сақтау, қателіктерді қайталамау тақырыбындағы өндірістік сабақ кестеге сай өтті.

«ҚТЖ» ҰК» ЖШС Батыс аймақтық филиалының нұсқаушысы Ақтан Нұржанов, Шалқар – Сексеуіл телімінің ревизоры Бауыржан Орынбаев және Шалқар станциясының бастығы Жолдыбай Ізтілеуовтің қатысуымен техникалық сабақ Шалқар станциясында өтті.  

– Шалқар – Сексеуіл, Шалқар – Тассай аралығындағы және Шалқар станциясының теміржолшылары бас қосқан техникалық сабақ барысында бұйрықтар, жедел хаттар түсіндіріліп, жиі кездесетін қателіктер талданды. Ең бастысы, осы қателіктерден сабақ алып, оның қайталануына жол бермеу қажет. Пойыздарды жөнелту, қабылдау кезінде қауіпсіздікті сақтап, станцияға кіріс-шығыс бағдаршамымен дұрыс қабылдау-жөнелту де басты тақырып болды. Сонымен қатар жаңа үлгідегі «Альстом» бағыттама бұрмасының жұмысы талданды, – дейді Ақтан Нұржанов.  

Теміржолшыларға жұмыс барысында ұялы телефонды мүмкіндігінше қолданбау қажеттігі ескертілді. Әсіресе маневрлік жұмыстар кезінде телефонға алаңдау өте қауіпті. Кестемен айына екі рет ұйымдастырылып тұратын техникалық сабақта түсіндірілген тақырыптар мен нұсқаулықтарды қойын дәптерге жазып алып, конспекті түзудің де артықтығы болмайды. Бұл дағды есте сақтауды арттырып, комиссиялық тексеру кезінде көмекші құрал болатыны түсіндірілді.  

– «Теміржол қателікті кешірмейді» деген жалаң ұғым емес. Теміржолда жауапсыздық үлкен қатер, адам өмірі мен орасан материалдық шығынға ұшыратуы мүмкін. Сондықтан теміржол көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әрбіріміз үлес қосып, күнделікті жұмыс деп қарамай, қатаң ереже сақтап, мұқият жүрген дұрыс. Пойыздың жолын тексеріп, бірінің артынан бірі тексеріп, қойылған тежегіштерді санап отырып жинауды ұмытпай, дағдыға айналдыру қажет, – дейді ревизор Бауыржан Орынбаев.  

Техникалық сабақ кезінде осыған дейін орын алған оқиғалар мысалға алынып, зерделенді. Пойыз диспетчерінен қозғалыс туралы үнемі ақпарат алып отыру, соған сай учаскелерді қар басып қалмауын қадағалап, жүретін жолды тазарту міндеттері еске салынды. Тазартылмаған жолда бұрмаларды қозғаудың қаупі түсіндірілді. Ортасында қар қалып қойған бұрмаларды бұру, оны орнына қою мүмкін емес екені ескертілді. «Біз теміржолшы жұмысының жауапкершілігін түсінуіміз керек. Жолаушылар пойызда алаңсыз болады. Балалар ойнап, үлкендер шай ішіп отырады. Вагон рельстен түсіп кетуі мүмкін деп ешкім сақтанып отырмайды. Міне, біз сондай міндетті мойнымызға аламыз. Мыңдаған адам өміріне жауап береміз», – деп түсіндірді ревизор.

Теориялық сабақтан кейін теміржолшылар паркке барып, заманауи бұрмалардың ерекшелігімен танысты. Жиі кездесетін қателіктер таныстырылып, оны қайталамау жолдары үйретілді.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды