32 жылқы шығын болды

Қауіпсіздік
03.03.2023, 10:43
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көкшетау – Жамантұз станциялары аралығында жүк пойызының машинисі жолға шығып кеткен жылқыларды көріп, шұғыл тежегіш қолданып, құрамды тоқтатуға тырысқан.

Бірақ бірден тоқтай қоймайтын алып машина тұяқты жануарларды қағып өте шықты. Ысылдап тоқтағанша жолдың қос қапталында тұяқ серпуге шамасы келмей 32 жылқы жатты...  

Бұл туралы Ақмола облысының Көліктегі полиция департаменті хабарлады. Оқыс оқиға салдарынан жүк пойызы 50 минут тоқтап тұруға мәжбүр болған.  

«Теміржол төсеміне жылқылардың шығып кетуіне айыпты Игілік ауылының 28 жасар тұрғыны екені Көкшетау станциясында анықталды. Мерт болған бір үйір жылқының ішінде малы болған адамдар жануарларды ауыл тұрғындары кезекпен бағатынын айтты» делінген аталған ведомство таратқан ақпаратта.  

Айыпты тарап 5 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеген. Бірақ, ішпей-жемей ақ-адал малынан айрылып қалғандардың шығынын кім өтейді? Ал теміржолдың шығынын ше, зақымданып майысқан локомотив, бүлінген жол, уақыт пен электр энергиясы мен жанармай шығыны бар. Бұған дейін осыған ұқсас оқиға ақпан айының басында Ұлытау облысында да болған. Ол кезде жолаушылар пойызы 6 жылқыны қағып кеткен еді. Теміржолшылардың мал-жанның жолға шығуының алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларына қарамастан ірі қара малдың теміржол бойында жайбарақат жайылып жүруінің тыйылмай тұрғаны өкінішіті.

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады