Депо базасында өртке қарсы жаттығу өтті

Қауіпсіздік
28.03.2023, 10:01
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ақмола жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты локомотив депосының жөндеу цехында өрт ошағы виртуалды түрде анықталып, «Дабыл» сигналы берілді.

Дереу локомотив депосының кезекшілері телефон және радио арқылы өрт сөндіру бөлімшелерін шақырды. Бұл Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Көкшетау қаласының локомотив айналма депосының базасында өртке қарсы жауынгерлік әзірлік, барлық құрылымдық бөлімшелердің, Көкшетау станциясы торабы кәсіпорындарының өзара іс-қимылы бойынша өткізген тәжірибелік жаттығулары еді. Жаттығу мақсаты барлық өртке қарсы қалқандардың жұмысын, Көкшетау айналма депосының дабыл беру құрылғыларын және төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимылын тексеру болатын. Жаттығуға Көкшетау станциясының өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Көкшетау локомотив айналым депосының қызметкерлері бекітілген схема бойынша белгіленген тәртіппен жедел эвакуацияланды. Тілсіз жауды өрт сөндіру бөлімшелері тез арада құрықтады. Оқу іс-шараларының нәтижелері бойынша нысанның өртке төзімділік деңгейі және өртті сөндіруге қатысқан қызметтердің жалпы өзара әрекеттестігі оң бағаланды.  

 

Жаңалықтар
01.07.2026
ҚТЖ мен Citi ынтымақтастықты талқылады
Жаңалықтар
01.07.2026
ҚТЖ мен Wabtec стратегиялық серіктестікті кеңейтуді талқылады
Жаңалықтар
01.07.2026
Елімізде 124 теміржол вокзалы жаңғыртылуда
Жаңалықтар
01.07.2026
Тоқаев: көлік-логистика саласы ел дамуының негізгі бағыттарының бірі
Қауіпсіздік
01.07.2026
Жарты жылда 640 шұғыл тежелу: теміржолдағы мал мәселесі өзекті болып тұр
Жаңалықтар
01.07.2026
Қытайдан Достық арқылы өтетін контейнерлік пойыздар саны 26,6%-ға артты
Аймақтар
30.06.2026
Батыс Қазақстан және Алматы облыстарында теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
30.06.2026
Ақмола облысында үш теміржол вокзалы жаңғыртылды
Инфрақұрылым
30.06.2026
Вокзалдардың бағын ашқан бағдарлама
Сұхбат
30.06.2026
Ақтау порты – халықаралық логистика жүйесіндегі маңызды буын
Станция тынысы
30.06.2026
Ірі теміржол торабын бағындырған нәзік жандылар
Аймақтар
30.06.2026
Сыр өңірінде теміржол инфрақұрылымы жаңарып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Аймақтар
30.06.2026
Мақсат – өзгерістерге бейімделу
Жаңалықтар
30.06.2026
Сала дамуына үлес қосқан теміржолшылар құрметті демалысқа шықты
Жаңалықтар
30.06.2026
Үздік аудармашы
Жаңалықтар
30.06.2026
ҚТЖ мен Эстон темір жолдары Азия мен Еуропа арасындағы жаңа көлік маршруттарының дамуын талқылады
Жаңалықтар / Мұрағат
30.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №50 30 маусым 2026 жыл
Спорт
29.06.2026
Түлкібастағы тораптық жарыс
Аймақтар
29.06.2026
Үш өңірде қайта құрудан кейін бес теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
29.06.2026
ҚТЖ мен Wabtec Ақтөбе облысында заманауи өнер мектебін салып жатыр