Техникалық кеңесте қауіпсіздік мәселесі қаралды

Қауіпсіздік
04.04.2023, 10:56
Суретті түсірген автор
Ерман Әбдиев

Тараз қаласы бойынша меншікті тілші

Жамбыл белгі беру және байланыс дистанциясында өткен техникалық кеңес қауіпсіздік мәселесіне арналды. Жиынға дистанциялардың орта буын басшылығы мен жол шеберлері қатысты.

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің қауіпсіздік бөлімінің басшысы Әбдірахман Ахметов жүргізген жиында негізгі хабарламаны бөлімшенің байланыс жөніндегі жетекші маманы Марат Куликов жасады. Оның айтуынша, 2022 жылы Жамбыл магистральдық желі бөлімшесіне қарасты дистанцияларда құрылғылардың 67 істен шығу оқиғасы орын алған. Оның 44-і мамандардың кінәсінен болған. Барлық оқиғаның алтауы «Альстом» құрылғысынан табылған. 2013 жылы өндіріске енгізілген құрылғыда 4 оқиға жол дистанциясының, 2 оқиға белгі беру және байланыс дистанциясы мамандарының кінәсінен орын алған. Биылғы жылдың еншісінде тағы сегіз оқиға...  

– Бізде әлі де болса жол, белгі беру және байланыс, электрмен жабдықтау дистанциясы жұмысшыларының арасында байланыс төмен. Пойыздар қозғалысының кестеден кешігуінің де басты себебі сол, – деді Марат Куликов.  

Бұдан соң мамандарға Сарышаған белгі беру және байланыс дистанциясының өндірістік оқыту шебері Жанболат Башиков слайд арқылы теориялық сабақ өткізді. Одан әрі тәжірибелік білімдерін жетілдіру үшін кеңеске қатысушылар жол бойында пойыздар қозғалысын реттеп тұрған Р-80 типті Альстом құрылғысында тәжірибелік сабақ өткізді.  

 

Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде
Трансформация
28.08.2026
Жеті жүзінші локомотив зауыттан шықты
Трансформация
28.08.2026
Теміржолшылар KinetiX зияткерлік жүйесін игеруде
Жаңалықтар
28.08.2026
Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
Станция тынысы
28.08.2026
Арыс теміржол торабының бүгінгі келбеті
Аймақтар
28.08.2026
Атырауда теміржол саласының бес бірдей мекемесі мерейтойын атап өтті
Аймақтар
28.08.2026
Ақтөбеде 583 шақырым электр желісі жөндеуден өтті
ҚТЖ келбеті
28.08.2026
Тәлімгерлік мектеп және теміржолшылар династиясы
Жаңалықтар
28.08.2026
Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ
Жаңалықтар / Мұрағат
28.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №68 28 тамыз 2026 жыл
Аймақтар
27.08.2026
Абай облысында Дегелен вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
27.08.2026
Қызылордада теміржолшылар «Әл-ауқат апталығын» бастады
Жаңалықтар
27.08.2026
Stadler компаниясы Қазақстандағы жаңа өндіріске 14 миллиард теңгеден астам инвестиция салмақ
Әлемде
27.08.2026
Өзбекстанда Қытайдың CRRC компаниясы шығарған алғашқы push-pull пойызы пайдалануға берілді
Инфрақұрылым
27.08.2026
Сингапур Орта дәлізді дамытуға атсалысады
Жолаушылар тасымалы
27.08.2026
Алматы – Ташкент бағытында «Әйелдер вагоны» іске қосылады
Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады