Шымкентте көктемгі комиссиялық тексеріс жүріп жатыр

Қауіпсіздік
18.04.2023, 12:14
Суретті түсірген автор

Шымкент жүк тасымалы және Шымкент магистралдық желі бөлімшесі бойынша 10-шы сәуірден басталған көктемгі комиссиялық байқау екі аптаға созылмақ.

№1214-И телеграфтық нұсқауға сәйкес Түркістан облысы мен Шымкент қаласы аумағында теміржол объектілерін тексеріп, жазғы тасымалға дайындық жүргізу үшін құрылған арнайы комиссияға екі құрылымдық бөлімшенің бірінші басшылары мен орынбасарлары, бас инженерлер, техникалық бөлім жетекшілері, ревизорлар тағы басқа мамандар кірді.  

– Техникалық байқаудың негізгі мақсаты – мезгіл ауысып қыстан жазға, жаздан қысқа ауысқан сайын теміржол шаруашылығының жұмысқа жарамдылығын тексеру, жазғы немесе қысқы тасымалға дайындығы мен қауіпсіздігін зерделеу, ақаулары болса жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылады. Ең бастысы жолаушы мен жүк тасымалының басым бөлігін қамтамасыз етіп отырған Қазақстан темір жолының қауіпсіз, тоқтаусыз әрі сапалы жұмысын жолға қою. Бұл біздің – теміржолшылардың негізгі міндеті, – дейді Шымкент магистралдық желі бөлімшесінің директоры Алғазин Қойлыбаев.  

Бірнеше бағытта аймақтағы ірілі-ұсақты станцияларды сүзіп шығып, тиянақты тексеру жұмыстарын жүргізген комиссиялық топ өткен жұма күні Түлкібас станциясында жұмыстарын жалғастырды. Тексеру қорытындысы бойынша тыңдау 25-сәуірде өтетін болады.  

 

Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады